«Сандық мектеп» деген не?
«Сандық мектеп» - бұл «Күнделік» электронды журналын белсенді жүргізу және толтыру деңгейін көрсететін жүйедегі ерекше мәртебе. Бұл мәртебе Білім беру мекемесі (бұдан әрі - ББМ) қызметкерлерінің жақсы белсенділігі мен атқарылған жұмысы туралы хабарлайды.
«Сандық мектеп» блогы Белсенділік бақылауы жүйесінде, қала / облыс аудандарының тізімі бетінде көрсетіледі:
Сондай-ақ, мәртебе берілгеннен кейін мектептің басты бетінде мектептің «Сандық мектеп» мәртебесіне тиесілігін куәландыратын медаль көрсетіледі .
Назар аударыңыз! Бұл мәртебе мектепке көтермелеу түрінде беріледі және оның Басқарушы ұйымы тапсырған есептер мен статистикаға әсер етпейді. Көрсеткіш ББМ педагогикалық құрамының жоғары сандық сауаттылығын, электрондық құжат айналымы жүйесін (журналдар, күнделіктер, КТЖ және т.б.) және орта білім берудің академиялық процестерін жақсы білетіндігін көрсетеді.
«Сандық мектеп» болу үшін не істеу керек?
«Сандық мектеп» мәртебесін беруді аптасына бір рет Белсенділік бақылауы жүйесімен бірге жаңартылады.
«Сандық мектеп» мәртебесін алу үшін өткен аптаның нәтижесінде «Мектептердің белсенділігі» көрсеткішінің шегін өту керек.
Назар аударыңыз! Мектеп парақшасындағы мәртебе Белсенділік бақылау жүйесі жаңартылғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде көрсетіледі.
Comments
Please sign in to leave a comment.