Есеп есептік кезең ішінде оқушыларға журналға қойылған сабаққа қатыспағандығы мен кешігуі туралы деректер негізінде автоматты түрде толтырылады.
Есептің көрінуі: ҚББ бөлімінің барлық қызметкерлеріне.
Есепті құрастыру үшін, мыналарды көрсету қажет:
- оқу жылы;
- пән;
- мұғалімнің аты-жөні;
- уақыт аралығы;
- сабаққа қатыспау себебі:
- «Ж» - дәлелсіз себеппен болмау;
- «А» - ауру себебі бойынша болмау;
- «Д» - дәлелді себеппен болмау;
- «К» - сабаққа кешігу;
- «Ж» + «Д» + «А» - барлық себептер бойынша сабақтарға қатыспау;
Ескерту: әдепкі қалпы бойынша, есепте көрсетілген сабаққа қатыспаудың және кешігудің ең аз саны - 1.

Есеп келесі ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптасады:
- топтың атауы;
- сабаққа қатыспау саны;
- сабаққа қатыспаған оқушылардың аты-жөні.
Comments
Please sign in to leave a comment.