Есеп «Топтың үлгерімі пән бойынша»

«Топтың үлгерімі пән бойынша» есебінде көрсетілген пән бойынша топтың барлық қорытынды бағалары туралы ақпарат қамтылған.

Ескерту: уақыт аралығын тек оқу жылы аясында орнатуға болады.

Пәндер тізімінде таңдалған оқу жылының кестесіндегі барлық пәндер көрсетілген.

Есепті құру үшін, мыналарды көрсету қажет:

  • оқу жылын;
  • пән;
  • уақыт аралығы.

Содан кейін «Өзгерту» батырмасына басу қажет.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • топтың атауы;
  • пән бойынша жұмыс түрі;
  • уақыт аралығы;
  • пән бойынша осы жұмыс түрін шығарған оқушылардың жалпы саны;
  • жұмыс үшін баға алған оқушылар саны. Белгілер осылайша бөлінген: «К»/«Ж»/«ЖТ»/«ЖЗ»/«А/Ө»/«БОС»/«ЕСП»/«ЕСЖ» немесе «Баға жоқ»;
  • орташа балл;
  • үлгерімінің %;
  • білім сапасының %;
  • жалпы ОБД % (оқушылар білім алу деңгейі).

Есепте күні немесе кезеңі көрсетілген уақыт аралығына толық кіретін жұмыстар ғана көрсетіледі.

Егер топқа жұмыс түрі қосылса, топтағы оқушылардың саны ескеріледі. Егер жұмыс түрі топшаға қосылса, топшадағы оқушылар саны есептеледі.

Есепте топқа ашық мүшелігі бар оқушылар және топқа жабық мүшелігі бар, жұмыс бағасы бар, оқушылар көрсетіледі.

Есепте аналитикалық параметрлерді есептеу үшін келесі формулалар қолданылады:

Орташа баллы

Орташа балл = (n1*1 + n2*2 + n3*3 + n4*4 + n5*5) / (n1 + n2 + n3 + n4 + n5 + n6) 

мұндағы:

  • n1 - «1» бағалар саны;
  • n2 - «2» бағалар саны;
  • n3 - «3» бағалар саны;
  • n4 - «4» бағалар саны;
  • n5 - «5» бағалар саны;
  • n6 - «А/Ө» бағалар саны.

Үлгерімнің жалпы %

Үлгерімнің жалпы % = ((үздік оқушылар саны + жақсы оқитын оқушылар саны + орташа оқитын оқушылар саны) * 100) / (топтағы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны)

мұнда «БОС» - аттестаттаудан босатылған оқушылар.

Пәндер бойынша білім сапасының %

Пәндер бойынша білім сапасының % = ((n4 + n5) * 100%) / (топтағы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны)

мұндағы n4 - «4» бағалардың саны, n5 - «5» бағалардың саны.

ОБД (оқушылар білім алу оқу деңгейі) жалпы %

Пәндер бойынша ОБД жалпы % (оқушылар білім алу оқу деңгейі) = (%ОБД 1 + %ОБД 2 + %ОБД n) / n

мұндағы n - ОБД (оқушылар білім алу оқу деңгейі) %  есептелген пәндердің жалпы саны.

Пәндер бойынша ОБД жалпы % (оқушылар білім алу оқу деңгейі) = ((n2*0.16 + n3*0.36 + n4*0.64 + n5*1 + n6*0.07) * 100%) / (топтағы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны)

мұнда:

  • n2 - «2» бағалар саны;
  • n3 - «3» бағалар саны;
  • n4 - «4» бағалар саны;
  • n5 - «5» бағалар саны;
  • n6 - «А/Ө» бағалар саны.
Was this article helpful?
1 out of 1 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.