Есеп «Үлгерімі: Тәлімгерге»

Есеп берілген уақыт аралығында бейнелеу режимін қолдана отырып, үлгерім туралы анықтама жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл топтағы үлгерімді бақылауға және қорытынды нәтижелерді болжауға мүмкіндік береді.

Есептің көрінуі: әкімшілерге, редакторларға «ҮТ және бағалар» блогына толық қолжетімділікпен, топ жетекшілеріне (тек өз тобы үшін).

Ескертудер: 

  • есеп «ҚББ» - «Есептер» - «Үлгерімі» блогы - «Тәлімгерге» есебі бөлімінде қолжетімді.
  • қорытынды бағалардың орнына ұяшықтарда таңдалған уақыт кезеңіндегі пән бойынша оқушының барлық ағымдағы бағаларының орташа баллы көрсетіледі.

Есепті құру үшін, мыналарды көрсету қажет:

  • оқу жылын;
  • белгілі бір курсқа сәйкес келетін топты (курс көрсетілмеген топтар үшін «Курссыз» мәні де қолжетімді);
  • уақыт аралығы.

Содан кейін «Қолдану» батырмасын басу қажет.

Ескерту: уақыт аралығын тек оқу жылы аясында орнатуға болады.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • оқушылардың аты-жөні;
  • көрсетілген уақыт аралығында пәндер бойынша бағалар;
  • оқушының орташа балы;
  • топтағы оқушының рейтингі (орташа балл негізінде құрылады);
  • пән бойынша орташа балл;
  • пәндер бойынша білім сапасының %;
  • пән бойынша % ОБД (оқушылар білім алу оқу деңгейі).

Есепте аналитикалық үлгерім параметрін есептеу үшін, келесі формула қолданылады:

Орташа баллы

Топтың орташа баллы = (n1*1 + n2*2 + n3*3 + n4*4 + n5*5) / (n1 + n2 + n3 + n4 + n5 + n6).

,мұндағы:

  • n1 - «1» бағалар саны;
  • n2 - «2» бағалар саны;
  • n3 - «3» бағалар саны;
  • n4 - «4» бағалар саны;
  • n5 - «5» бағалар саны;
  • n6 - «А/Ө» бағалар саны.

Пән бойынша білім сапасының %

Пән бойынша білім сапасының % = ((n4 + n5) * 100) / (топтағы оқушылар саны - БОС белгісімен оқушылар саны)

,мұндағы

  • n4 - «4» бағалар саны;
  • n5 - «5» бағалар саны.

ОБД (оқушылар білім алу оқу деңгейі) % 

ОБД (оқушылар білім алу оқу деңгейі) % = ((n2*0,16 + n3*0.36 + n4*0,64 + n5*1 + n6*0,07) * 100%) / (топтағы оқушылар саны - БОС белгісімен оқушылар саны)

мұндағы:

  • n2 - «2» бағалар саны;
  • n3 - «3» бағалар саны;
  • n4 - «4» бағалар саны;
  • n5 - «5» бағалар саны;
  • n6 - «А/Ө» бағалар саны.

 

Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.