«Үлгерімі: топтар» есебі көрсетілген уақыт мерзімінде топтың барлық қойылған қорытынды бағалары туралы мәліметтер бар, оны тек оқу жылы шеңберінде ғана көрсетуге болады.
Есептің көрінуі: барлық ҚББ қызметкерлеріне.
Ескертулер:
- есеп «ҚББ» - «Есептер» - «Үлгерімі» блогы - «Топтар» есебі бөлімінде қолжетімді.
- сілтемесі бар оқушының тегі осы оқушының үлгерім есебіне әкеледі.
Есепті құру үшін, мыналарды көрсету қажет:
- оқу жылын;
- белгілі бір курсқа сәйкес келетін топты (курс көрсетілмеген топтар үшін «Курссыз» мәні де қолжетімді);
- уақыт аралығы.
Содан кейін «Өзгерту» батырмасына басу қажет.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:
- оқушылардың аты-жөні;
- көрсетілген уақыт аралығындағы пәндер;
- жұмыс түрі;
- оқу жылы шеңберіндегі уақыт аралығы;
- баға;
- пән бойынша орташа балл;
- оқушының рейтингі (орташа балл негізінде қалыптастырылады).
Есепте тек күні немесе кезеңі көрсетілген уақыт аралығына толығымен кіретін жұмыстар көрсетіледі.
«-» символы, «Баға» бағанында жұмыс түрі бойынша оқушының бағасы жоқ немесе пән үшін жұмыс түрі қосылмаған дегенді білдіреді.
Оқушының орташа баллы есепте көрсетілген барлық пәндер мен барлық қорытынды бағалар бойынша есептелінеді.
Есепте таңдалған уақыт кезеңі үшін кем дегенде бір қорытынды бағасы бар барлық оқушылар көрсетілген.
Есепте аналитикалық үлгерім параметрін есептеу үшін, келесі формула қолданылады:

онда:
- n1 - «1» бағалар саны;
- n2 - «2» бағалар саны;
- n3 - «3» бағалар саны;
- n4 - «4» бағалар саны;
- n5 - «5» бағалар саны;
- n6 - «А/Ө» бағалар саны.
Comments
Please sign in to leave a comment.