«Сабаққа қатысу: Тәлімгерге» есебі берілген уақыт аралықтары бойынша көрсету режимін қолдана отырып, қатысу тізімін жасауға мүмкіндік береді. Есеп қатысу туралы деректер негізінде автоматты түрде толтырылады.
Есептің көрінуі:
- тәлімгерге - өз топтары бойынша ақпарат;
- әкімшіге - барлық топтар бойынша.
Есепті құрастыру үшін, мыналарды көрсету қажет:
- оқу жылы;
- белгілі бір курсқа сәйкес келетін топты (курс көрсетілмеген топтар үшін «Курссыз» мәні де қолжетімді);
- уақыт аралығы.
Содан кейін «Қолдану» батырмасына басу қажет.
Ескерту: уақыт аралығы оқу жылдың шеңберінде көрсетіледі.

Есеп екі кесте түрінде қалыптасады.
Бірінші кестеде келесі ақпарат бар:
- оқушылардың аты-жөні;
- көрсетілген уақыт аралығына түсетін айдағы күндер бойынша сабаққа қатысу саны;
- осы айда қатысқан сабақтардың барлық саны;
- осы айда қатысқан күндердің барлық саны.
Екінші кесте (жиынтық) мынадай ақпаратты қамтиды:
- оқушылардың аты-жөні;
- көрсетілген уақыт аралығы, оның ішінде келесі деректер көрсетілген:
- қатысқан барлық сабақтардың саны;
- қатысқан барлық күндердің саны.
Comments
Please sign in to leave a comment.