Есеп оқушыларға барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағаларды қойғаннан кейін автоматты түрде толтырылады.
Егер топта кемінде бір қорытынды баға қойылмаса, онда есептің тиісті жолы сызықтармен толтырылады.
Есептің көрінуі: барлық ҚББ қызметкерлеріне.
Ескерту:
- есеп «ҚББ» - «Есептер» - «Үлгерімі» блогы - «Пән бойынша мұғалімге» есебі бөлімінде қолжетімді.
- топқа сілтеме «ҚББ» бөлімінде - «Есептер» - «Үлгерімі» блогы - «Топтар» есебіне апарады.
Есепті құру үшін, мыналарды көрсету қажет:
- оқу жылын;
- пән;
- мұғалімнің аты-жөні;
- уақыт аралығы.
Есеп сүзгідегі параметрлерді таңдап, «Қолдану» батырмасын басқаннан кейін жасалады.

Ескерту: уақыт аралығын тек оқу жылы аясында орнатуға болады.
Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:
- топтың атауы;
- қорытынды бағаның түрі;
- уақыт аралығы;
- бұл топтағы оқушылардың саны;
- үлгерімі;
- орташа балл;
- үлгерім %;
- білім сапасы %;
- пән бойынша % ОБД (оқушылар білім алу оқу деңгейі).
Есепте аналитикалық үлгерім параметрін есептеу үшін, келесі формула қолданылады:
Топтың орташа баллы
Орташа балл = (n1*1 + n2*2 + n3*3 + n4*4 + n5*5) / (n1 + n2 + n3 + n4 + n5 + n6)
онда:
- n1 - «1» бағалар саны;
- n2 - «2» бағалар саны;
- n3 - «3» бағалар саны;
- n4 - «4» бағалар саны;
- n5 - «5» бағалар саны;
- n6 - «А/Ө» бағалар саны.
Топтың білім сапасының жалпы %
Топтың білім сапасының жалпы % = ((үздік оқитын оқушылар саны + жақсы оқитын оқушылар саны) * 100) / (топтағы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны)
оқушыларды градациялаудың келесі шарттары қабылданған (5 баллдық жүйе бойынша):
- үздік - үлгерімі «5»-ке, ал «4», «3», «2», «1», «А/Ө» бағалары жоқ оқушы;
- жақсы - үлгерімі «4», «5» және «ЕСП», ал «3», «2», «1», «А/Ө» бағалары жоқ оқушы;
- орташа - кемінде бір «3» бар, бірақ «2», «1», «А/Ө» жоқ оқушы;
- жеткіліксіз - кем дегенде бір «2», «1», «А/Ө» бар оқушы.
ОБД (оқушылар білім алу оқу деңгейі) %
ОБД (оқушылар білім алу оқу деңгейі) % = ((n2*0.16 + n3*0.36 + n4*0.64 + n5*1 + n6*0.07) * 100) / (топтағы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны)
мұндағы n - ОБД % (оқушылар білім алу деңгейі) есептелген пәндердің жалпы саны.
Comments
Please sign in to leave a comment.