Есеп «Үлгерімі: Оқушылар»

«Үлгерім: оқушылар» есебінде көрсетілген уақыт аралығында таңдалған оқушының барлық бағалары туралы ақпарат көрсетіледі.

Есептің көрінуі: барлық ҚББ қызметкерлеріне.

Ескерту: уақыт аралығын тек оқу жылы аясында орнатуға болады.

Есепті құру үшін, мыналарды көрсету қажет:

  • оқу жылын;
  • топты (курс көрсетілмеген топтар үшін «Курссыз» мәні де қолжетімді);
  • оқушының аты-жөні;
  • уақыт аралығы.

Содан кейін «Қолдану» батырмасын басу қажет.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • пән;
  • оқушының бағалары;
  • орташа балл;
  • кешігулер саны;
  • сабақтан қалу;
    • барлығы;
    • аурырып қалу бойынша;
  • білім сапасының %.

Оқушылар тізімінде таңдалған жылы таңдалған топқа мүшелігі бар барлық адамдар көрсетілген.

Бағалар тізімін қалыптастыруда қорытынды бағалар есепке алынбайды.

Ескертулер:

  • «У/А» бағасы есепті құру кезінде ескеріледі.
  • БОС оқушының бағаларының жалпы санында ескерілмейді.
  • Есептеулердегі қалған бағалау жүйелері 5 баллға келтірілген.
  • «Сабақтан қалу (Барлығы)» бағанасының есебі = ауру себебі бойынша сабақтан қалу («А») + Дәлелді себеппен сабақтан қалу («Д») + дәлелсіз себептермен сабақтан қалу («Ж»).

 Есепте топқа ашық мүшелігі бар оқушылар және жұмысқа бағасы қойылған топқа жабық мүшелігі бар оқушылар ескеріледі.

Есепте аналитикалық үлгерім параметрін есептеу үшін, келесі формула қолданылады:

Топтың орташа баллы = (n1*1 + n2*2 + n3*3 + n4*4 + n5*5) / (n1 + n2 + n3 + n4 + n5 + n6).

мұндағы:

  • n1 - «1» бағалар саны;
  • n2 - «2» бағалар саны;
  • n3 - «3» бағалар саны;
  • n4 - «4» бағалар саны;
  • n5 - «5» бағалар саны;
  • n6 - «А/Ө» бағалар саны.

Оқушының білім сапасы (%) = ((n5 + n4 + ЕСП саны) * 100%) / (n1 + n2 + n3 + n4 + n5 + n6)

мұндағы:

  • n1 - «1» бағалар саны;
  • n2 - «2» бағалар саны;
  • n3 - «3» бағалар саны;
  • n4 - «4» бағалар саны;
  • n5 - «5» бағалар саны;
  • n6 - «А/Ө» бағалар саны.
Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.