«Үлгерімі: Сынып жетекшісіне» есебі

Таңдалған оқу кезеңі үшін «Үлгерімі: Сынып жетекшісіне» есебі осы есептік кезеңде барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалар қойылғаннан кейін ғана автоматты түрде толтырылады.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • сынып;
  • есептік күні.

Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.

Ескерту: әдепкі түрде есеп ағымдағы күнге қалыптасады, бірақ интерактивті күнтізбе арқылы кез келген күнге (өткен оқу жылының) деректерді таңдауға және көруге болады. 

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • сынып оқушыларының аты-жөні;
  • пән атауы және осы пәндер бойынша сынып оқушыларының орташа балдары;
  • нақты пән бойынша және барлық пәндер бойынша оқушының қорытынды БЖБ және ТЖБ;
  • нақты пән бойынша және барлық пәндер бойынша оқушының орташа балы;
  • оқушылардың рейтингі (орташа балл негізінде қалыптастырылады); 
  • пән бойынша орташа балл;
  • пән бойынша білім сапасының %;
  • пән бойынша % ОБД (оқушылардың білім алу деңгейі).

Ескерту: Ағымдағы оқу жылы жиынтық бағалау сыныптарында есепті қалыптастыру кезінде «Есептік күн» мағынасы өзгермейді.

Критериалды журналы бар сыныптар үшін БЖБ және ТЖБ бойынша ақпарат «n/m» форматында бейнеленеді, мұнда:

  • n - нақты мән;
  • m - БЖБ / ТЖБ үшін максималды мән.

Егер нақты мән болмаса, бірақ максималды мән болса: нақты мәннің орнына сызықша шығарылады: «-/m». Ең жоғарғы мән болмаған жағдайда, есепте ақпарат шығарылмайды.

  • БЖБ % әдепкі түрде «Критериалды бағалау журналды толтыру бойынша нұсқаулық» мақаласында сипатталған журналдың формуласы бойынша есептелген пән бойынша БЖБ жиынтық % шығарылады. 
  • Егер максималды мәні бар барлық БЖБ қойылмаса = қойылмаған БЖБ-ны есепке алмай (көрсетілген максималды мәнді есепке алмағанда) пайыз есептеледі.
    • есептелген % БЖБ сұр түспен бөлінеді: 

«Орта баллды» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - бағалардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 

Оқушының орташа балын есептеу кезінде осы оқушының барлық пәндер бойынша барлық бағалар қолданылады.

  • Пән бойынша орташа балл =
    • барлық сынып бойынша бір пән бойынша есептеледі;
    • есептік кезеңінде барлық сыныптағы барлық пән бойынша бағалар қойылмағанға дейін есептелмейді.
  • Білім сапасының % =((үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны) * 100%) / (жалпы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны), 

    мұнда
    • үздік – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалар «5-ке» ие оқушы;
    • жақсы – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалары «4» немесе ең болмағанда бір қорытынды бағасы «4» бар оқушы.

«Білім сапасының %» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - сынып / пән / параллельдер / білім деңгейі бойынша білім алушылардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • Пән бойынша ОБД (оқушылардың білім алу деңгейі)

мұнда:

  • n2 – «2», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
  • n3 - «3» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
  • n4 – «4», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
  • n5 - «5» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
  • n6 – «А/Ө» ән бойынша қорытынды бағалар саны.
  1. А/Ө және УА/А - n6 көрсеткішінде ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 

Егер пәні бойынша қорытынды аттестациялау «Сынақ» түрінде жүргізілсе, есепте БЖБ және ТЖБ жолдарында «сызықша» көрсетіледі. ЕСП мәні тек соңында баға ретінде болады.

Was this article helpful?
10 out of 17 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.