«Үлгерімі: Сыныптар» есебі

«Үлгерімі: Сыныптар» есеп түрі таңдалған кезең бойынша сынып оқушыларының бүкіл пән бойынша қорытынды баға қойылғаннан кейін автоматты түрде толтырылады.

 Есептеу үшін барлық оқушылардың бүкіл бағалары пайдаланылады.

Ең болмағанда бір қорытынды баға толтырылмаса, есеп толық құрастырылмайды. Қорытынды баға қойылмаған оқушылар саны «Бағалар жоқ» деген тармағында көрсетіледі.

Есепті құрастыру үшін, келесі деректер таңдалады: 

  • оқу жылы;
  • сынып;
  • есептік кезең.

Кестелер алдында есеп бойынша жалпы ақпарат келесі түрде көрсетіледі:

  • сынып жетекшісінің аты-жөні;
  • сыныптың жалпы орташа балы;
  • пәндер бойынша білім сапасының жалпы % ;
  • пәндер бойынша ООЖ жалпы %;
  • сынып үлгерімінің жалпы %;
  • сынып білім сапасының жалпы %;
  • кезеңнің соңында қанша оқушы бар;
  • қанша оқушының бағасы жоқ.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

Кесте №1

  • сынып оқушыларының аты-жөндері;
  • пәндердің атаулары және осы пәндер бойынша оқушылардың қорытынды бағалары;
  • оқушының жалпы орташа балы;
  • оқушылардың рейтингі (оқушының орташа балының негізінде қалыптастырылады);
  • пән бойынша жалпы орташа балл;
  • пән бойынша білім сапасының % ;
  • пән бойынша (оқушылардың оқу дәрежесі) ООЖ %.

Есепте «Көрсету» параметрі орнатылған пәндер ғана көрсетіледі.

Есептің бірінші кестесінде таңдалған кезең бойынша барлық қорытынды бағалар жайында акпарат бар.

  • «-» белгісі – оқушы бұл пәнді оқымайтынын білдіреді;
  • бос ұяшық – баға қойылмағанын білдіреді.

Кесте №2

  • үздіктер саны;
  • үздік оқушылардың сынып оқушыларының жалпы санына қатынасы;
  • үздіктердің аты-жөндері;
  • жақсы оқитын оқушылар саны;
  • бір «4» қорытынды бағасы бар жақсы оқитын оқушылар саны;
  • сынып оқушыларының жалпы санына жақсы оқитын оқушылар санына қатынасы;
  • бір «4» қорытынды бағасы бар жақсы оқитын оқушылардың сыныптағы оқушыларға қатынасы;
  • жақсы оқитын оқушылардың аты-жөндері;
  • бір «4» қорытынды бағасы бар жақсы оқитын оқушылардың аты-жөндері;
  • орташа оқитын оқушылар саны;
  • бір «3» қорытынды бағасы бар орташа оқитын оқушылар саны;
  • орташа оқитын оқушылардың сынып оқушыларының жалпы санына арақатынасы;
  • бір «3» қорытынды бағасы бар орташа оқитын оқушылардың сынып оқушыларының жалпы санына қатынасы;
  • орташа оқитын оқушылардың аты-жөні;
  • бір «4» қорытынды бағасы бар орташа оқитын оқушылардың аты-жөндері;
  • нашар оқитын оқушылар саны;
  • нашар оқитын оқушылардың сынып оқушыларының жалпы санына арақатынасы;
  • нашар оқитын оқушылардың аты-жөндері.

Ескерту: есепте оқушылар әліпби бойынша сұрыпталған.

Есептегі оқушының аты-жөнімен тұрған сілтеме:

 Есепте таңдалған есептік кезеңнің соңғы күнімен тұрған оқушылар туралы ақпарат көрсетіледі.

Егер оқушы есептік кезең ішінде сыныптан басқа сыныпқа ауыстырылса, онда ол туралы ақпарат көрсетілмейді.

Есепте үлгерім аналитикалық параметрлерді есептеу үшін келесі формулалар пайдаланылады:

Орташа балл формула бойынша есептеледі, сандық көрсеткіштері ретінде оқушының барлық пән бойынша бағалары пайдаланылады.

  • Орта балл = (бағалар саны «2»*2 + бағалар саны «3»*3 + бағалар саны «4»*4 + бағалар саны «5»*5) / (бағалар саны «2» + бағалар саны «3» + бағалар саны «4» + бағалар саны «5»).

Оқушының орташа балын есептеу кезінде осы оқушының барлық пәндер бойынша барлық бағалар қолданылады.

Ескерту: оқушылардың рейтингі оқушылардың орташа балдары негізінде құрылады.

Пәннің орташа балын есептеу кезінде осы пән бойынша барлық оқушылардың бағалары қолданылады.

Сыныптың орташа балын есептеу кезінде осы сыныптың барлық оқушылардың барлық пәндер бойынша барлық бағалар қолданылады.

«Орта баллды» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - бағалардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • Пән бойынша орташа балл =
    • барлық сынып бойынша бір пән бойынша есептеледі;
    • есептік кезеңінде барлық сыныптағы барлық пән бойынша бағалар қойылмағанға дейін есептелмейді.
  • Пән бойынша біл. сап. % (білім сапасы) =((үздік оқитын оқушылар саны + жақсы оқитын оқушылар саны) * 100%) / (сынып оқушыларының жалпы саны - «ЕСП» белгісі бар оқушылар саны).
    мұнда
    • үздік оқитын оқушы – пән бойынша «5» деген қорытынды бағаны алған оқушы;
    • жақсы оқитын оқушы – пән бойынша «4» деген қорытынды бағаны алған оқушы.
  • Пәндер бойынша жалпы білім сапасы % = (пән бойынша біл. сап. % 1 + пән бойынша біл. сап. % + пән бойынша біл. сап. % 3 ... + пән бойынша біл. сап. % N) / N , мұнда N - бұл білім сапасының % бойынша есептелген пәндердің жалпы саны,
  • Сыныптың жалпы білім сапасы %((үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны) * 100%) / (жалпы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны), 
    мұнда
    • үздік – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалар «5-ке» ие оқушы;
    • жақсы – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалары «4» немесе ең болмағанда бір қорытынды бағасы «4» бар оқушы.

«Сыныптың жалпы білім сапасы %» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - сынып / пән / параллельдер / білім деңгейі бойынша оқушылардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • Сыныптың жалпы үлгерімі % = ((үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны+ үлгерімі орташа оқушылар саны) * 100%) / (жалпы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны),

мұнда

    • үздік – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалар «5-ке» ие оқушы;
    • жақсы – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалары «4» немесе ең болмағанда бір қорытынды бағасы «4» бар оқушы;
    • орташа - барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалары «3» немесе ең болмағанда бір қорытынды бағасы «3» бар оқушы.

«Сыныптың жалпы үлгерімі %» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - сынып / пән / параллельдер / білім деңгейі бойынша оқушылардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • Пән бойынша ОБД (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы

мұнда:

    • n2 – «2», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n3 - «3» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n4 – «4», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n5 - «5» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n6 – «А/Ө» ән бойынша қорытынды бағалар саны.
  • ОБД (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы %(% ООЖ пән бойынша 1 + % ООЖ пән бойынша 2 + % ООЖ пән бойынша 3 ... + % ООЖ пән бойынша N), мұнда N – бұл сыныптың оқушыларына берілетін пәндердің жалпы саны.

«ОБД (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы %» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - n6 көрсеткішінде ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 

Есептің көрінуі: барлық қызметкерлерге.

Ескерту: «А/Ө» немесе «УА/А» белгілері болған жағдайда оқушылар «Үлгерімі төмен оқушылар» санатына жатады. «БОС»  және «О/Ж» белгілері санаттардағы оқушылардың санына әсер етпейді, бірақ қорытынды белгі ретінде саналады.

Was this article helpful?
16 out of 18 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.