«ЭЖК жүргізу статистикасы: Сыныптар» есебі

Есеп таңдалған сынып үшін журнал жүргізуді қадағалауға және талдауға мүмкіндік береді.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • сынып;
  • есептік кезең;
  • уақыт аралығы (қажет болған жағдайда);
  • «Журналдарды көрсету» сүзгісінің мәні (әдепкі түрде «Барлығы» сүзгісі таңдалған).  
    • тек толтырылатын журналдар үшін «Тек толтырылғандар» сүзгісін таңдау қажет.
    • тек толтырылмаған журналдар үшін «Тек толтырылмағандар» сүзгісін таңдау қажет

Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасын басу қажет.

Есеп келесі ақпаратты қамтитын кесте түрінде көрсетіледі:

  • пәннің атауы;
  • мұғалімнің аты-жөні;
  • қатысушы (жалпы сынып, оқу тобы);
  • журналдың соңғы рет өзгертілген күні;
  • журналдағы соңғы өзгертудің авторы;
  • тақырыптарды толтыру %;
  • ҮТ уақытылы толтыру %
  • Ү/Т бар сабақтардың %;
  • журналды жүргізу;
  • жоспарлауды жүргізу %;
  • журналды уақытылы жүргізу %;
  • қорытындыларды қою %;
  • БЖБ қойылған баллдары;
  • ТЖБ қойылған баллдары;
  • қорытындыларды қою %.

Аналитикалық параметрлерді есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:

  • Соңғы өзгерту күні = пән бойынша сынып (сыныптың оқу тобы) журналына енгізілген соңғы өзгеріс күні шығарылады
  • Өзгеріс авторы = пән бойынша сынып (сыныптың оқу тобы) журналына соңғы өзгеріс енгізген пайдаланушының тегі мен аты-жөні.
  • Тақырыптарды толтыру % = (толтырылған тақырыптар саны) * 100% / жалпы сабақтардың саны.
  • Ү/Т бар сабақтардың % = 100 * (ҮТ берілген сабақтардың саны) / (сабақ кестесіндегі таңдалған уақыт аралығындағы сабақтар саны);

Ескерту: есептік кезеңде пәндер бойынша алғашқы сабақтар есепке алынбайды, себебі есептік кезеңде бірінші сабаққа ҮТ берілмейді. Сондай-ақ, «Ү/Т бар сабақтардың %» параметрі неге 100% - ға тең болмауы мүмкін, Неліктен үй тапсырмасы бар сабақтардың көрсеткіші 100% емес? мақаласында егжей-тегжейлі жазылған.

«Ү/Т бар сабақтардың %» параметрі ҮТ-ны орындау мерзімі мен авторлығы бойынша ескереді.

Маңызды: «ҮТ уақытылы толтыру» көрсеткішінде ҮТ берілетін сабақтар, яғни кесте бойынша келесі сабақтар тексеріледі.

  • Жоспарлауды жүргізу % = 100 * (ең кемінде бір ҮТ берілген сабақтардың саны немесе сабақ тақырыбы толтырылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақтар саны).
  • Журналды жүргізу % = 100 * (таңдалған кезеңдегі ең кемінде бір баға, сабақтан қалу туралы белгі, сабаққа берілген түсінік, сабақ өткізілгені туралы қанат белгісі қойылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақ кестесіндегі сабақтар саны).
  • Журналды уақытылы жүргізу = (100 * кезең бойынша уақытылы қойылған бағалардың саны / кезең бойынша қойылған бағалардың жалпы саны). Есеп туралы толық ақпарат «Журналды уақытылы жүргізу» есебі мақаласында сипатталған.

Ескерту: көрсеткіштерді есептеу кезінде нақты мерзімі есептік кезеңге кіретін жоспарланған сабақтар мен кейінге қалдырылған сабақтар есепке алынады. Жойылған сабақтар есепке алынбайды.

  • «ТЖБ-ға қойылған баллдар» бағанының формуласы – деректер «нақты мән» / «максималды мән» форматында көрсетіледі, бұл жерде:

Максималды мән – есептік кезеңнің соңына дейін немесе есеп құрылған уақытта мүшелікте бар оқушылар саны (егер есеп есептік кезең аяқталғанға дейінгі уақытқа құрылса).

Нақты мән – есептік кезең журналында қойылған ТЖБ саны.

  • «БЖБ-ға қойылған балл» бағанының формуласы - деректер «нақты мән» / «максималды мән» форматында көрсетіледі (есептік кезеңдегі БЖБ қорытылады), бұл жерде:

Максималды мән – максималды мәні қойылған БЖБ саны * есептік кезеңде сыныптың мүшелігінде болған оқушылар саны.

Ескерту: БЖБ максималды мәндері қойылмаған жағдайда, БЖБ саны «1-еу» деп есептелінеді.

Нақты мән – есептік кезең журналында қойылған БЖБ саны.

Ескерту: егер қорытынды бағалау ретінде «Есептелінді» деген баға қолданылса, онда «БЖБ n» және «ТЖБ» бағаналарында БЖБ және ТЖБ мәндерінің орнына «0» қойылады және «ЕСП» (Есептелінді) мәні берілген болса, қисық сызықша арқылы жазылады. Мысалы, сыныпта 28 оқушы бар, олардың бәріне «ЕСП» белгісі қойылған, сонда есеп «0/28» мәнін көрсететін болады.

Ескерту: критериалды бағалау жүйесі үшін ТЖБ және БЖБ қорытынды нәтижелері ескеріледі; қорытынды бағалары «Есептелінді» түрінде қойылатын пәндерде – «Есептелінді» және «Есептелінген жоқ» белгілері.

  • Қорытындыларды қою % = 100 * (қорытынды бағалары қойылған оқушылар саны) / (жалпы оқушылар саны).

Есептің көрінуі: мектептің барлық қызметкерлеріне.

Was this article helpful?
1 out of 1 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.