«Оқушылардың ауысуы: Кеткендер» есебі

«Оқушылардың ауысуы: Кеткендер» есебінде таңдалған кезеңде кеткен немесе басқа сыныпқа ауыстырылған оқушылардың тізімі ұсынылған.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • уақыт аралығы;
  • параллель;
  • шығарылу себебі;
  • шығу түрі.

Содан кейін «Қолдану» батырмасына басу қажет.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • оқушының аты-жөні;
  • сынып атауы;
  • кету күні;
  • кету типі;
  • шығарылу себебі;
  • кету орны (оқушы қайда кетті);
  • бұйрық күні;
  • бұйрық нөмірі.

Ескерту: «Тегі, аты, әкесінің аты», «Күні» және «Бұйрық күні» сілтемелері оқушыларды аты-жөні, келу күні немесе бұйрық күні бойынша сүзуге көмектеседі.

Есептің көрінуі: әкімші және «Адамдар» блогына қолжетімділігі бар редактор. 

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде электрондық құжат айналымына көшуіне байланысты kundelik.kz сайтында өзгерістер енгізілді, енді осы есепті басып шығару кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану қажет. ЭЦҚ көмегімен құжаттарды қалай басып шығару туралы толық ақпаратпен осы мақалада танысуға болады - «Әкімші ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қалай қол қояды?»

Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Article is closed for comments.