«ҮТ орындау уақыты: Мектеп» есебі білім беру ұйымында бір күн ішінде барлық пәндер бойынша барлық үй тапсырмаларын (бұдан әрі - ҮТ) орындауға жұмсалған минуттардың санын қосқаннан кейін таңдалған оқу кезеңіне автоматты түрде толтырылады.
Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:
- оқу жылы;
- есептік кезең;
- уақыт аралығы.
Содан кейін «Қолдану» батырмасына басу қажет.
Әдепкі түрде есеп сүзгісінде ағымдағы жыл және «Толық жыл» есептік кезең көрсетіледі.
Есеп логикасы
-
Егер есепте «—» белгісі болса, онда оның бірнеше себептері болуы мүмкін:
- бір күнде бірде-бір сабақ болған жоқ, яғни бұл күні сынып оқымаған;
- бір күн ішінде барлық пәндер бойынша ҮТ жоқ.
- Егер есепте «0» болса, онда бұл күні барлық ҮТ бойынша ҮТ орындау уақыты көрсетілмеген.
- Егер есепте «*» болса, онда кем дегенде бір ҮТ-де ҮТ орындауға уақыты толтырылмаған.
Егер минуттардың жиынтық сомасы нормативтік мәннен асып кетсе, онда ол есепте сұр түспен белгіленеді.
Ескерту:
Егер кем дегенде бір ҮТ-де ҮТ орындау уақыты көрсетілген болса, онда таңдалған күндегі барлық сабақтардың барлық ҮТ-лардың орындау уақыты жинақталады. Бір пәнге күні бірдей бірнеше ҮТ-сы белгіленген жағдайда, есепте барлық сыныптар үшін таңдалған күндегі барлық ҮТ-ларының жалпы орындалу уақыты көрсетіледі.
ҮТ орындау уақыты есепке алынады:
- сабақтарды ауыстыру немесе кейінге қалдыру болса да және есепті құру кезінде олар есепте көрсетілген күндердің уақыт аралығына кірді. Әйтпесе, есепке алынбайды.
ҮТ орындау уақыты есепке алынбайды:
- сабақтарды болдырмау кезінде;
- сыныпта сабақ болған жоқ (кесте жоқ).
Егер барлық сыныптарда кесте болмаса, онда «Деректер жоқ» хабарламасы шығады.
ҚР БҒМ 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес ҮТ орындауға арналған максимальды минуттардың саны.
Параллель | Минуттардың максималды саны |
1 параллель | 0 |
2 параллель |
50 |
3 параллель | 70 |
4 параллель | 70 |
5 параллель | 90 |
6 параллель | 90 |
7 параллель | 110 |
8 параллель | 110 |
9 параллель | 110 |
10 параллель | 130 |
11 параллель | 130 |
- Егер белгілі бір параллельде шектеу мәнінен асып кетсе, есепте уақыт автоматты түрде сұр түспен көрсетіледі.
- 1-сыныптар үшін үй тапсырмасы қарастырылмаған, сондықтан олардың көрсеткіші 0-ге тең болуы керек. Егер үй тапсырмасын орындау уақыты көрсетілсе, қажетті талаптардан асып кеткендіктен автоматты түрде сұр түспен көрсетіледі.
Есептің көрінуі: әкімші және «Адамдар» немесе «ҮТ және бағалар» блогына қолжетімділігі бар редактор.
Comments
Article is closed for comments.