«Пән бойынша сынып үлгерімі» есебі

«Пән бойынша сынып үлгерімі» есебі көрсетілген пән бойынша топтың барлық қойылған қорытынды бағалары туралы ақпаратты қамтиды.

Пәндер тізімінде таңдалған оқу жылы үшін кестедегі барлық пәндер көрсетілген.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • пән;
  • кезең.

Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет. 

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады: 

  • сынып атауы;
  • кезең;
  • оқушылардың жалпы саны;
  • белгілерге бөлінген пән бойынша үлгерімі. Белгілер: «Үзд» / «Жақ» / «Орт» / «Жеткіліксіз» / «Н/А» / «БОС» / «ЕСП» / «ЕСЖ» немесе «Баға жоқ»;
  • Орташа балл;
  • үлгерім %;
  • Біл. сап. %;
  • Жалпы ОБД (%) (оқушылардың білім деңгейін білдіреді).

 Есепте топта ашық мүшелігі бар оқушылар және пән бойынша баға қойылған топта жабық мүшелігі бар оқушылар көрсетіледі.

Аналитикалық параметрлерді есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:

  • Орташа балл= («2»*2 бағалар саны + «3»*3 бағалар саны + «4»*4 бағалар саны + «5»*5 бағалар саны) / («2» бағалар саны + «3» бағалар саны + «4» бағалар саны + «5» бағалар саны).

Пән бойынша сыныптың орташа балын есептеу кезінде осы пән бойынша сынып оқушыларының барлық бағалары пайдаланылады.

«Орта баллды» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - бағалардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • үлгерім % = (үздік оқитын оқушылар саны + жақсы оқитын оқушылар саны + үлгерімі орташа оқушылар саны) * 100%) / (сынып оқушыларының жалпы саны - «ЕСП» белгісі бар оқушылар саны).
    мұнда:
    • үздік оқитын оқушы – пән бойынша «5» деген қорытынды бағаны алған оқушы;
    • жақсы оқитын оқушы – пән бойынша «4» деген қорытынды бағаны алған оқушы;
    • орташа оқитын оқушы - пән бойынша «3» деген қорытынды бағаны алған оқушы.

«үлгерім %» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - сынып / пән / параллельдер / білім деңгейі бойынша білім алушылардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • Біл. сап. % (білім сапасы) =((үздік оқитын оқушылар саны + жақсы оқитын оқушылар саны) * 100%) / (сынып оқушыларының жалпы саны - «ЕСП» белгісі бар оқушылар саны).
    мұнда:
    • үздік оқитын оқушы – пән бойынша «5» деген қорытынды бағаны алған оқушы;
    • жақсы оқитын оқушы – пән бойынша «4» деген қорытынды бағаны алған оқушы;

«Білім сапасының %» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - сынып / пән / параллельдер / білім деңгейі бойынша білім алушылардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • Жалпы ОБД% (оқушылардың оқу дәрежесі)

бұл жерде:

  • n2 – «2», «ЕСЖ» деген бағалар саны;
  • n3 –«3» деген бағалар саны;
  • n4 –«4», «ЕСП» деген бағалар саны;
  • n5 –«5» деген бағалар саны;
  • n6 –«А/Ө» деген бағалар саны.

«Жалпы ОБД% (оқушылардың оқу дәрежесіесептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - n6 көрсеткішінде ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 

Есептің көрінуі: әкімшілерге, «ҮТ және бағалар» блогына қолжетімділігі бар редактор, пән бойынша мұғалімге - тек «өзінің» сыныбы және «өзінің» пәні бойынша. 

Was this article helpful?
11 out of 12 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.