«Үлгерімі: Оқушылар» есебі

Есеп «Үлгерім: Оқушылар» журналға енгізілген ақпарат негізінде, автоматты түрде толтырылады.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • сынып;
  • есептік кезең;
  • оқушының аты-жөні;
  • уақыт аралығы (қажет болған жағдайда).

Бұл белгілі бір оқу кезеңіндегі немесе есептік кезеңіндегі оқушының үлгерім және қатысу табелін көрсететін есеп түрі.

 Есептің көрінуі: Мектептің барлық қызметкерлеріне.

«Үлгерімі: Оқушылар» есебі кез келген тоқсанды таңдағанда:

Жиынтық бағалау журналдарында БЖБ және ТЖБ туралы ақпарат «n/m» форматында көрсетіледі, бұл жерде:

  • n – оқушыға қойылған нақты балл;
  • m – БЖБ/ТЖБ үшін максималды балл.

Ақпарат келесі реттілікпен көрсетіледі: «БЖБ 1», «БЖБ 2», «БЖБ 3», «ТЖБ».

Тіңтуірді бағалауға жақындатқан уақытта БЖБ («1-БЖБ», «2-БЖБ») немесе ТЖБ («1-ТЖБ», «4-ТЖБ») атаулары шығады.

«Есепті құрастыру» батырмасына басып, екі түрлі есеп қалыптастыруға болады:

  • «семестр», «тоқсан», «триместр», «модуль» есептік кезеңдерін таңдағанда – экранда көрсетілген есептің баспа түрі қалыптасады;

  • «Барлық кезеңдер бойынша» есептік кезеңін таңдағанда – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігімен орнатылған үлгідегі оқушының үлгерім табелі қалыптасады.

Табельді басып шығару «Басып шығару» батырмасы арқылы жүзеге асырылады.

  • «Жалпы сыныптың табельдері» батырмасына басқан уақытта, сыныптың барлық оқушылары бойынша үлгерім табелі қалыптасады.

Есепте келесі аналитикалық параметрлер қолданылады:

  • Кешігулер саны - «К» белгісі қойылған сабақтар саны.
  • Сабаққа қатыспау (Барлығы) - ауырып қалу, дәлелді себептері және дәлелсіз себептері бойынша өткізілген сабақтар саны («А», «Ж» және «Д» белгілері қойылған).
  • Сабаққа қатыспау (Ауырып қалу бойынша) - ауырып қалу себебі бойынша өткізілген сабақтар саны («А» белгісі қойылған).

Ескертулер:

  • «БОС», «ЕСЖ», «ЕСП» баға түрлері, «Үлгерімі: Оқушылар» есеп түрін қалыптастыру кезінде, есепке алынбайды.
  • «А/Ө» баға түрі, есеп түрін қалыптастыру кезінде, есепке алынады.

 Үлгерім табелі

Бір оқушының үлгерім табелін қалыптастыру үшін «Үлгерімі: Оқушылар» есебін ашып, келесі параметрлерді таңдау қажет:

  • кезең;
  • сынып;
  • оқушының аты-жөні.

Есепті құрастыру үшін «Басып шығару» батырмасына басу. 

Ашылған терезеде келесі деректерді қолмен енгізу қажет:

    • табель нөмірі;
    • таңдау бойынша пәндер және олардың бағалары (көбінесе 10-сыныптар үшін және максималды түрде 4 пәнге дейін);;
    • педагогикалық кеңестің шешімі:
    • «Тәртібі» туралы шешім.

«Басып шығару» батырмасын басу арқылы оқушының табелін PDF форматында толтыру мүмкін.

Сондай-ақ ЭЦҚ көмегімен табельге қол қою мүмкіндігі бар. Ол үшін «ЭЦҚ арқылы қол қою» батырмасына басу қажет.

Әрі қарай, Documentolog қызметі ашылады, онда басты бетте таңдалған оқушының табелі көрсетіледі. Жоғарғы сол жақ бұрышта келесі батырмалар орналасқан (тек орыс тілінде):

  • «Подписать»;
  • «Отправить сотрудникам на подпись»;
  • «Отправить руководителю на подпись»;
  • «Удалить».

Ескертулер:

  • құжаттың мазмұнымен алдын-ала танысып, оның дұрыс толтырылғанын тексеріп, қол қойып, содан кейін ғана мектеп директорына қол қоюға жіберу ұсынылады;
  • егер құжат Documentolog қызметіне қате жіберілген болса, онда табельді қайта қалыптастырып, ол Documentolog-қа өткеннен кейін «Услуги» -> «Күнделік» -> «Войти» бөлімінде қателескен табельді құсбелгімен белгілеп, «Удалить» батырмасы арқылы жою қажет;
  • егер табельге Documentolog қызметінде ЭЦҚ арқылы қол қойылған болса, бірақ ішінде қате жіберілген болса, онда табельді жою мүмкіндігі болмайды;
  • құрылған құжат «Готово» батырмасына басқан кезде пайда болатын PDF файлына сәйкес келеді.

Үлгерім табеліне ЭЦҚ арқылы қол қою туралы толық ақпарат мақалада: Әкімші ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қалай қол қояды?

Титулдық беті

Мектеп, оқушының аты-жөні, сынып және оқу жылы туралы ақпаратты қамтиды.

Ішкі беті

Келесі ақпаратты қамтиды:

Ескерту: үлгерім табелі альбомдық форматта қалыптастырылады.  

Пәндер пәндік топтардың тәртібі бойынша шығарылады, топтардағы пәндер әліпбилік ретпен орналастырылады:

  • Тіл және әдебиет;
  • Математика және информатика;
  • Адам және қоғам;
  • Жаратылыстану;
  • Өнер;
  • Дене шынықтыру;
  • Технология;
  • Басқа.

Ескерту: үлгерім табелінде «Куаландырусыз» деген белгісі жоқ күйге келтірулерде пәндер ғана қалыптасады.

Қол қойылған құжат келесідей ашылады:

Табельдер кітабы

Есепте таңдалған оқу жылының барлық сыныптары бойынша табельдер кітабын басып шығару мүмкіндігі бар.

Ол үшін оқу жылын таңдағаннан кейін жоғарғы оң жақ бұрышта «Табельдер кітабы» батырмасын басу қажет.

Ескерту: функционал 2022-2023 оқу жылында енгізілгендіктен, деректер осы жылдан бастап көрсетіледі. Өткен жылдардың деректері көрсетілмейді.

«Табельдер кітабы» батырмасына басқан кезде компьютерге PDF форматында файл жүктеледі, онда бастапқы беті мен барлық сыныптар бойынша деректері бар.

Бастапқы бетінде келесі ақпарат бар:

  • мектептің орналасқан жері;
  • мектеп атауы;
  • кітап жүргізудің басталу және аяқталу жылдары;
  • кітаптың тіркелген нөмірі;
  • берілген күні;
  • берді (қай орган);
  • бастығының аты-жөні (беруші тараптың);
  • басшының қолы;
  • қол қойылған күні;
  • алды (мектеп атауы);
  • мектеп директорының аты-жөні;
  • басшының қолы;
  • қол қойылған күні;
  • оқу жылы.

Табельдер кітабының негізгі бөлігі таңдалған оқу жылының барлық сыныптары туралы ақпаратты қамтиды:

  • сынып атауы;
  • сынып жетекшісінің аты-жөні;
  • оқушылардың аты-жөні;
  • табельдің тіркелген нөмірі;
  • берілген уақыты;
  • оқушылардың басқа мектепке кетуі (күні және бұйрық нөмірі);
  • сынып жетекшісінің қолы.

Басқа мектепке кетуі туралы ақпараты оқушы ұйымнан шығарылған кезде автоматты түрде толтырылады. Табельді тіркеу нөмірі, оның берілген күні және қолы туралы ақпаратты кітап басып шығарылғаннан кейін қолмен толтыру қажет.

Was this article helpful?
3 out of 6 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.