«Үлгерімі: Пән бойынша мұғалімге» есебі

«Үлгерімі: Пән бойынша мұғалімге» көрсеткіші -  есептік кезеңде оқушыларға қорытынды баға қою барысында автоматты түрде толтырылады. Қорытынды бағалар әлі қойылмаған жағдайда, деректер «Баға жоқ» бағанына жазылады. 

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • пән;
  • мұғалімнің аты-жөні; 
  • есептік кезең. 

Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.

Ескерту: пәнді таңдағаннан кейін ашылмалы тізімде осы пән бойынша кестеде белгіленген мұғалімдер ғана бейнеленеді.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • сыныптың атауы;
  • есептік кезең;
  • сынып оқушыларының жалпы саны;
  • пән бойынша оқитындардың келесі тізімі:
    • үздіктердің саны;
    • жақсы оқитын оқушылардың саны;
    • үлгеретіндер саны;
    • үлгермегендер саны;
    • «А/Ө» белгісі бар оқушылардың саны;;
    • «БОС» белгісі бар оқушылардың саны;
    • «ЕСП» белгісі бар оқушылардың саны;
    • «ЕСЖ» белгісі бар оқушылардың саны;
    • бағасы жоқ оқушылардың саны;
  • пән бойынша сыныптың орташа балы;
  • пән бойынша сынып үлгерімінің % ;
  • пән бойынша сынып білімінің сапасы % ;
  • пән бойынша жалпы % ОБД (оқушылардың білім алу дәрежесі).

Ескерту: жиынтық бағалау журналдарында қорытынды бағалар, БЖБ + ФБ және ТЖБ бағаларына сүйене отырып автоматты түрде қойылады.

Бұл есепте «ЕСП» және «ЕСЖ» белгілері қарастырылмайды. «ЕСП» және «ЕСЖ» белгілері қойылған оқушылар «Баға жоқ» бағанында шықпайды, яғни оқушылардың бағалары қойылған болып саналады.

Ескерту:  егер мұғалім тек сыныптағы бір топқа ғана сабақ берсе, есепте тек өз тобының деректері ғана болады.

Есепті құрғанда келесі аналитикалық параметрлер көрсетіледі:

  • Орта балл = (бағалар саны «2»*2 + бағалар саны «3»*3 + бағалар саны «4»*4 + бағалар саны «5»*5) / (бағалар саны «1» + бағалар саны «2» + бағалар саны «3» + бағалар саны «4» + бағалар саны «5»).

Пән бойынша сыныптың орташа балын есептеу кезінде осы пән бойынша сынып оқушыларының барлық бағалары пайдаланылады.

«Орта баллды» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - бағалардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • үлгерім % = ((үздік оқитын оқушылардың саны + жақсы оқитын оқушылардың саны + орташа оқитын оқушылардың саны) * 100%) / (сынып оқушыларының жалпы саны - «ЕСП» бағасына ие оқушылардың саны).
    мұнда:
    • үздік оқитын оқушы – пән бойынша «5» деген қорытынды бағасы бар оқушы;
    • жақсы оқитын оқушы – пән бойынша «4» деген қорытынды бағасы бар оқушы;
    • орташа оқитын оқушы - пән бойынша «3» деген қорытынды бағасы бар оқушы.

«үлгерім %» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - сынып / пән / параллельдер / білім деңгейі бойынша білім алушылардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • Біл. сап. % =((үздік оқитын оқушылардың саны + жақсы оқитын оқушылардың саны) * 100%) / (сынып оқушыларының жалпы саны - «ЕСП» бағасына ие оқушылардың саны).
    мұнда:
    • үздік оқитын оқушы – пән бойынша «5» деген қорытынды бағасы бар оқушы;
    • жақсы оқитын оқушы – пән бойынша «4» деген қорытынды бағасы бар оқушы;

«Білім сапасының %» есептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - сынып / пән / параллельдер / білім деңгейі бойынша білім алушылардың жалпы санында ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 
  • Жалпы ОБД% (оқушылардың оқу дәрежесі)

бұл жерде:

    • n2 – пән бойынша «2» қорытынды бағалар саны;
    • n3 - пән бойынша «3» қорытынды бағалар саны;
    • n4 – пән бойынша «4» қорытынды бағалар саны;
    • n5 - пән бойынша «5» қорытынды бағалар саны;
    • n6 – пән бойынша «А/Ө», УА/А қорытынды бағалар саны.

«Жалпы ОБД% (оқушылардың оқу дәрежесіесептеу барысында:

  1. А/Ө және УА/А - n6 көрсеткішінде ескеріледі;
  2. БОС және О/Ж - ескерілмейді. 

Есептің көрінуі: әкімшілер, «ҮТ және бағалар» бөліміне қолжетімділігі бар редактор, пән мұғалімі – тек «өз» сыныптарында және «өз» пәндері бойынша.

Was this article helpful?
25 out of 27 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.