«Kundelik.kz белсенділік: Жеке» есебі

«Kundelik.kz белсенділік: Жеке» есебі таңдалған кезең бойынша мектеп пайдаланушыларының жүйедегі жеке белсенділігін көруге арналған.

Кіру уақыты туралы ақпарат тәулігіне 1 рет жаңартылады.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • ай; 
  • рөлдер;
  • сынып;
  • «Белсендірілмегендерді көрсету» сүзгісі.

«Белсендірілмегендерді көрсету: Иә» сүзгісінің мәнін, егер жүйеде тіркелген пайдаланушыларды есебінде ескеру қажет болса, бірақ өз жеке парақшасын әлі белсендірмеген пайдаланушыларды (іске қосу үшін өз пайдаланушы аты мен құпиясөзін пайдаланбаған) орнату керек. Мұндай пайдаланушылардың «Кірулер» бағанында «-» мәні болады.

Есепте келесі параметрлер көрсетіледі:

  • пайдаланушының аты-жөні;
  • пайдаланушының мектептегі рөлі;
  • пайдаланушының сыныбы (әрқашан «Оқушы», «Ата-ана» рөлдері бар пайдаланушыларда, сондай-ақ сынып жетекшілері болып табылатын қызметкерлерде көрсетіледі);
  • жүйенің толық нұсқасы арқылы таңдалған уақыт аралығына пайдаланушының кірулер саны;
  • мобильді қосымша арқылы кірулердің жалпы саны;
  • IOS арқылы ата-аналар мен оқушыларға арналған мобильді қосымша арқылы кірулер саны;
  • Android арқылы ата-аналар мен оқушыларға арналған мобильді қосымша арқылы кірулер саны;
  • пайдаланушының соңғы кіру күні мен уақыты;
  • баланың күнделігін соңғы қарау күні мен уақыты («Ата-ана» рөлі бар пайдаланушыларда ғана көрсетіледі).

Есептің көрінуі:  барлық қызметкерлерге.

Was this article helpful?
2 out of 3 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.