«ЭЖК жүргізу статистикасы: Сынып жетекшісіне» есебі

Бұл есеп түрі мұғалімге өз сыныбының журналын қадағалап, толтырылуын тексеріп отыруға мүмкіндік береді. 

Есепті қарау үшін таңдау қажет:

  • оқу жылы;
  • есептік кезең;
  • сынып;
  • «Барлығын көрсету» сүзгісінің мәні. Есепте толтырылмайтын журналдарды қоса алғанда, барлық пәндерді көрсету үшін «Барлығын көрсету» жолында «Иә» деп көрсету талап етіледі.

Ескерту: журналды толтыру ең болмағанда бір баға немесе қатысу туралы бір белгі қоюды білдіреді.

Есеп келесі ақпаратты қамтитын кесте түрінде көрсетіледі:

  • Пән;
  • Қатысушылар;
  • Кезең;
  • БЖБ n (n – бұл 1-ден 4-ке дейінгі реттік нөмірі);
  • ТЖБ;
  • Формативті бағалар саны;
  • Сабаққа қойылған формативті бағалардың % ;
  • Себепсіз келмеулер % ;
  • Журналдың соңғы рет өзгертілген күні;
  • Журналдағы соңғы өзгертудің авторы.

Есепті құру үшін оқу жылын, сынып және кезеңді таңдау қажет.

Аналитикалық параметрлерді есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:

1. БЖБ n = журналға қойылған БЖБ баллдарының қосындысы.

2. ТЖБ = журналға қойылған ТЖБ баллдарының қосындысы.

Ескерту: «ТЖБ» және «БЖБ» бағаналарының деректері «нақты мән» / «максималды мән» деген форматта шығарылады. Егер қорытынды баға ретінде «Сынақтан өтті» белгісі қойылатын болса, «БЖБ», «ТЖБ» және «Формативті бағалар саны» жолдарында «сызықша» белгісі пайда болады.

Нақты мән – журналға нақты қойылған ТЖБ баллдарының қосындысы (әр БЖБ үшін).

Максималды мән – ТЖБ максималды баллының есептік кезеңде оқыған барлық оқушылар (есептік кезеңде мүшелікте болған) санына көбейтіндісі.  

Егер журналда БЖБ немесе ТЖБ максималды баллы көрсетілмесе, есеп «-/-» мәнін көрсетеді.

3. Формативтік бағалар саны = кезең бойынша формативті бағалардың (сабаққа берілген түсінік) саны.

4. Сабаққа қойылған формативті бағалардың % = (1 пікір немесе «Формативті баға» сабақтағы жұмысы үшін кемінде 1 бағалау бар сабақтар саны / оқу кезеңі ішінде өткен барлық сабақтар саны) * 100%.

5. Себепсіз келмеулер % = (қойылған «Ж» + «А» + «Д» саны / барлық өткен сабақтардың саны) * 100%.

Есепте толтырылмайтын журналдарды қоса алғанда, барлық пәндерді көрсету үшін «Барлығын көрсету» жолында «Иә» деп көрсету талап етіледі.

Журналды толтыру дегеніміз - кем дегенде бір баға немесе қатысу туралы бір белгі қою.

Ескерту: баптауларда критериалды бағалау журналы таңдалған сыныптар үшін әр бір ретті (ББҰ-да белгіленген бағалау жүйесі) бағалау саны шығарылмайды.

Was this article helpful?
6 out of 7 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.