«ҮТ орындау уақыты: Сыныптар» есебі сынып бойынша бір күн ішінде барлық пәндер бойынша барлық үй тапсырмаларын (бұдан әрі - ҮТ) орындауға жұмсалған минуттардың санын қосқаннан кейін таңдалған оқу кезеңіне автоматты түрде толтырылады.
Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:
- оқу жылы;
- сынып;
- есептік кезең;
- уақыт аралығы.
Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.
Әдепкі түрде есеп сүзгісінде ағымдағы жыл және «Толық жыл» есептік кезең көрсетіледі.
Есеп логикасы
- Егер есепте «—» белгісі болса, онда бұл бір күнде бірде-бір сабақ жоқ дегенді білдіреді, яғни сол күні сынып оқымаған;
- Егер есепте барлық пәндер бойынша «—» болса, онда сабақ бойынша бір күнде ҮТ берілмеген.
- Егер есепте «0» болса, онда бұл күні барлық ҮТ бойынша ҮТ орындау уақыты көрсетілмеген.
- Егер есепте «*» болса, онда кем дегенде бір ҮТ-де ҮТ орындауға уақыты толтырылмаған.
Егер минуттардың жиынтық сомасы нормативтік мәннен асып кетсе, онда ол есепте сұр түспен белгіленеді.
Ескерту:
Егер кем дегенде бір ҮТ-де ҮТ орындау уақыты көрсетілген болса, онда таңдалған күндегі барлық сабақтардың барлық ҮТ-лардың орындау уақыты жинақталады. Бір пән үшін күні бірдей бірнеше ҮТ берілген жағдайда, есепте таңдалған күн үшін барлық ҮТ-лердің жалпы орындау уақыты көрсетіледі.
Бір пән шеңберіндебірнеше оқу топтарбойынша ҮТ берген кезде бір күн ішіндегі жиынтық уақытты есептеуге осы пән бойынша топшалардағыҮТ-ның ең көп уақытыалынады.
Мысал:
- 1 оқу тобы - ағылшын тілі. 2023 жылы 28 қарашадағы 1 оқу тобы бойынша ҮТ-ның орындалу уақыты = 60 мин.
- 2 оқу тобы - француз тілі. 2022 жылы 28 қарашадағы 2 оқу тобы бойынша ҮТ-ның орындалу уақыты = 45 мин.
Есепте «Жиыны» жолы бойынша тек ең көп уақыты - 60 мин. есепке алынады.
ҮТ орындау уақыты есепке алынады:
- сабақтарды ауыстыру немесе кейінге қалдыру болса да және есепті құру кезінде олар есепте көрсетілген күндердің уақыт аралығына кірді. Әйтпесе, есепке алынбайды.
ҮТ орындау уақыты есепке алынбайды:
- сабақтарды болдырмау кезінде;
- сыныпта сабақ болған жоқ (кесте жоқ).
Егер сыныпта кесте болмаса, онда «Деректер жоқ» хабарламасы шығады.
Есептің көрінуі: әкімші және «Адамдар» немесе «ҮТ және бағалар» блогына қолжетімділігі бар редактор.
Comments
Article is closed for comments.