Күнтізбелік жоспарлауды осы жылдың КТЖ-на қалай көшіруге болады?
Қажет:
- «Мектеп» - «Журналдар» ашу;
- «Күнтізбелік жоспар» қойындысын таңдау;
- қажетті оқу жылын таңдау(қай жылдан көшіру керек);
- КТЖ-ны бір жыл бойы толтыруға қажет сынып және пәнді таңдау.
«Кезең» сүзгісі «Жыл» күйінде дұрыс орнатылғанына көз жеткізіп, содан кейін , «КТЖ - ға көшіру» батырмасын басу керек.
Көшіру кезеңінде келесі ақпаратты көрсету қажет:
- оқу жылы (ағымдағы);
- пән;
- сынып;
- оқу тобы;
- пән бойынша мұғалімнің аты - жөні.
Көшірілген КТЖ-ны «Мектеп» - «KTЖ» бөлімінде қолжетімді болады. Егер оқу жоспары өткен жылдан бері өзгертілсе, онда жариялау алдында КТЖ-ны өңдеу мүмкіндігі бар: сағат санын, тақырыптардың атауын және басқа параметрлерді.
Өткен жылдардағы күнтізбелік жоспарлауды КТЖ-ға қалай көшіруге болады?
«Күнтізбелік жоспарлау» арқылы «КТЖ-ға көшіру» батырмасчы тек ағымдағы оқу жылында мүмкін. Өткен оқу жылдары жабылғандықтан болғандықтан, тек жаңа КТЖ жасап, оны өткен жылдар үшін қолмен толтыру қажет.
Неліктен КТЖ-да «Кесте бойынша үлестіру» батырмасы шықпайды?
«Кесте бойынша үлестіру» батырмасы келесі жағдайларда шықпауы мүмкін:
1. Дұрыс емес пән көрсетілген.
КТЖ құру кезінде мұғалім дұрыс емес пәнді таңдаған, яғни кестеде көрсетілмеген пәнді таңдады. Бұл жағдайда тексеру үшін әкімшіге пән параметрлерінде белгілі бір айырым белгісін көрсету ұсынылады. Мысалы, пәннің қысқаша және толық атауы көрсетілген жерде, тақырып атауының жанына таңба қосу арқылы - Алгебра 2.
Әрі қарай, қажет:
- КТЖ-ны жариялаудан алып тастау;
- «Параметрлер» батрымасына басу;
- кестеде көрсетілген пәнді таңдап, өзгерістерді сақтау;
- КТЖ-ны қайта жариялап және «Кесте бойынша үлестіру» батырмасына басу.
2. Дұрыс емес оқу тобы көрсетілген.
Топтың атауын сынып пән журналында немесе күнтізбелік жоспарлауда тексеру ұсынылады. Жүйеде топ-1 және 1-топ екі түрлі топтар болып саналады.
Әрі қарай, қажет:
- КТЖ-ны жариялаудан алып тастау;
- «Параметрлер» батрымасына басу;
- қажетті оқу тобын таңдап, өзгерістерді сақтау;
- КТЖ-ны қайта жариялап және «Кесте бойынша үлестіру» батырмасына басу.
3. Мүрағатталған пән.
- Егер пән мұрағатталған және «Мұрағат» жанындағы құсбелгісі басылатын болса, онда пәнді мұрағаттан шығаруға болады. Әрі қарай, бірінші тармақта сипатталған қадамдарды орындау қажет. Тақырыптарды кесте бойынша үлестіргенне кейін пәнді қайтадан мұрағатқа өткізу ұсынылады.
- Егер пән мұрағатталған және «Мұрағат» жанындағы құсбелгісі басылмаса, онда бұл пәнді КТЖ-да көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты тақырыптарды осы пән бойынша үлестіру мүмкін емес. Тақырыптардың толтырылуын тек «Күнтізбелік жоспарлау», «Тақырыптарды толтыру %» және «Жоспарлауды жүргізу %» арқылы көрсетуге болады.
КТЖ-ны бір мұғалімнен екінші мұғалімге ұалай ауыстыруға болады?
Егер КТЖ бір мұғалімнің атынан құрылса және ол кестеде тағайындалса, бірақ ол енді осы пән бойынша сабақ жүргізбесе, сол жағдайда құрылған КТЖ-ны міндетті түрде екінші мұғалімнің атына ауыстыру қажет. КТЖ-да мұғалім ауысқаннан кейін оны қайта жариялау және кесте бойынша үлестіру қажет. Жаңа КТЖ құрудың қажетті жоқ, ол қате болып саналады. Жарияланған КТЖ-ны өңдеу үшін оны жариялаудан алып тастау қажет.
Мектеп әкімшісіне келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
- КТЖ модуліне кіру («Мектеп» - «КТЖ»);
- КТЖ жарияланған сыныпты таңдау;
- өңдеуге қажет ететін КТЖ-ны таңдау;
- КТЖ-ның тақырыптары жазылған парақшасында «Жариялаудан алып тастау» батырмасына басу:
Жариялаудан алып тасталынған КТЖ «Бастаулық» мәртебесіне қайта оралады, сонымен қатар осы пәнінің мұғалімі өз бетінше параметрлерді өзгерте алады,КТЖ-ғы «Параметрлер» қойындысында мұғалімнің аты-жөнің өзгерте алады. Өзгерістерді енгізілгенен кейін КТЖ-ны қайта жариялай алады және кесте бойынша тақырыптарды үлестіреді.
Айта кету керек, барлық сипатталған әрекеттерді орындамас бұрын «Бағдарламаларды орындау» есептерін экспорттау ұсынылады, өйткені мұғалімді КТЖ-ғда ауыстырғаннан кейін алдыңғы мұғалім «Бағдарламаларды орындау: Сыныптар» есебінде көрсетілмейді.
Неліктен KTЖ-ға Excel-ден импорт жоқ?
KTЖ модулінде импорттау жоқ. Әрбір білім беру ұйымында күнтізбелік жоспарлаудың өзіндік рәсімдеу түрі бар. Басқаша айтқанда, КТЖ рәсімдеу үшін бірыңғай форматы жоқ.
Қажет болған жағдайда мұғалім КТЖ-ны өткен оқу жылынан ағымдағы жылға көшіре алады. Сондай-ақ, КТЖ-ны Excel-ге экспорттау мүмкіндігі бар.
Мұғалімде бірдей бағдарламамен оқитын параллельді сыныптар бар, КТЖ-ды барлық сыныптарға қалай тез толтыруға болады?
Қандай да бір ыңғайлы әдіспен сыныптардың біреуіне KTЖ жасау керек (тақырыптарды қолмен енгізу немесе өткен жылдың сабақ жоспарын көшіру). Құрылған КТЖ-ны бір сыныптан басқа сыныпқа көшіруге болады. Ол үшін қажет:
- құрылған KTЖ-ны ашу;
- ашылған КТЖ бетіндегі «Көшіру» батырмасын басу;
- көшіруге жүргізілетін мәліметтерді: тақырыпты, сыныпты, оқу тобын және мұғалімді көрсету.
Егер оқу жоспары сәл өзгеше болса, оны жарияламас бұрын КТЖ параметрлерін өңдеуге болады: сағат санын, тақырыптардың атауын және басқа да параметрлерді.
«Сабақ күні» деген не, ол не үшін қажет?
КТЖ-ды қағазға толтырған кезде, мұғалім әрқашан сабақтың болжамды күнін көрсетеді. Оқу жылының басында толық жылға кесте әлі анықталмағаны және нақты күнді көрсету мүмкіндігі жоқ екені анық. Болжамды күні көрсетіледі. Енгізілген күндердің тәртібіне сәйкес, КТЖ кестеге сай үлестіріледі (бірінші тақырып бірінші сабаққа үлестіріледі, келесі - екінші, және т.с.с. ).
Ескерту: оқу жылының соңында, сабақ кестесі толық жылға жарияланғаннан кейін, барлық жоспарланған күндерді нақты күндерге түзету қажет.
Үй тапсырмасымен бірге КТП құру мүмкін бе?
Иә, KTЖ құру кезеңінде «Үй тапсырмасы» параметрін көрсету және әрбір тақырыпқа ҮТ енгізу мүмкіншілігі бар. Бұл жағдайда, КТЖ-ды кесте бойынша үлестіру кезеңінде «ҮТ-мен бірге үлестіру» белгісін қою қажет.
Ескерту: үй тапсырмалары журналда «Берілмеді» күйінде болады, оқушылар барлық есеп беру кезеңіндегі ҮТ-ды алдын-ала көре алмауы үшін (олар қызыл түспен белгіленеді). Оқушылар өздерінің парақшаларында тапсырманы көру үшін:
- үй тапсырмасының жанында күнтізбелік жоспарлаудағы «Көз» белгішесін басу;
- содан кейін «Таңдалған оқушыларға жіберу» батырмасын басу арқылы үй тапсырмасын, сабақ өткізілгеннен кейін немесе бірнеше сабақтарға беру.
Бағдарламаның біріктірілуі болды, сабақта екі тақырып өтіледі. Оны KTЖ-да қалай көрсету керек?
Бұл жағдайда КТЖ-ны жариялаудан алып тастап, қажетті өзгертулерді енгізу керек.
Тақырыптарды берілгеніне байланысты өңдеу керек.
Мысалы, бұрын «Сергей Есениннің шығармашылығы» тақырыбы және өзге «Анна Ахматованың шығармашылығы» тақырыбы болған болса және іс жүзінде бұл тақырып бір сабақта берілсе, тақырыптардың бірін жойып, екіншісін өңдеу керек: «Сергей Есениннің шығармашылығы./ Анна Ахматованың шығармашылығы».
КТЖ параметрлерінде оқу жылының басындағы оқу жүктемесіне сәйкес сағат санын көрсету қажет.
Өзгерістер жасағалған соң KTЖ тақырыптарын жариялап, кесте бойынша үлестіру керек.
Егер бұрын KTЖ ҮТ-мен бірге үлестірілсе, «ҮТ-мен үлестіру» құс белгісін қою керек емес, себебі үй тапсырмасы журнал парақшасында берілген.
Сабақ өтілген жоқ. KTЖ-мен не істеу керек?
Кестеде сабақты болдырмау қажет. KTЖ-да өзгерістер енгізудің қажеті жоқ: тақырып сабақпен байланысын жоғалтады және тақырыпты күнтізбелік жоспарлау бетінде басқа сабақ үшін таңдауға болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.