Күнтізбелік жоспарлауды импорттау

Файлды импорттау үшін дайындау

Импорттауды бастау үшін xls (Microsoft Excel 97-2003) және xlsx (Microsoft Excel 2007-2014) форматындағы файлдарды алдын-ала дайындау қажет. Ол алдын-ала экспортталып алынуы мүмкін.

Файлда келесідей деректер болуы мүмкін:

  • сабақ нөмірі;
  • сабақ тақырыбы;
  • үй тапсырмасы.

Күнтізбелік жоспарлауды сабақ нөмірі бар бағансыз импорттау мүмкіндігі бар. Егер сабақ нөмірі көрсетілмесе, онда олар автоматты түрде қойылады.

Файлда сабақтың барлығы болуы міндетті емес.

Күнтізбелік жоспарлауды импорттау мысалы:

Сабақ нөмірі Сабақ тақырыбы Келесі сабаққа үй тапсырмасы
1 Иррационалды теңдеуді шешу Бет. 23, жат.56-64
2 Ньютон-Лейбниц формуласы Бет. 22, жат.формулалар мен ережелерді жаттау
3 Аудандарды шешу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану Бет. 20, жат.47-50
4 Қисықсызықты трапеция ауданы Терминдерді жаттау
 

Ескерту: бағандар атауы міндетті емес. Күнтізбелік жоспарлауды импорттау мысалы мақалада бекітілген.

Импорттау

Импорттау іс-әрекетін жасау үшін, қажет: 

  • көк ленталы мәзірден «Мектеп» таңдау;
  • «Журналдар» бөліміне өту;
  • «Күнтізбелік жоспарлау» қойындысын ашу;
  • оң жақтағы «Импорттау» батырмасын басу.

Қадам 1. Деректер көзі

Деректерді импорттау үшін «Файлды таңдау» батырмасын басып, алдын-ала дайындалған файлды қосу қажет. Әрі қарай файлдың бірінші жолының мазмұнын көрсету қажет: бағандар атауы немесе деректер, сосын «Әрі қарай» батырмасын басу қажет. 

Қадам 2. Параметрлер

Ашылған бетте күнтізбелік жоспарлау параметрлерін көрсету керек:

  • оқу жылы;
  • сынып;
  • пән;
  • оқу тобы;
  • оқу кезеңі;

Әрі қарай бағандар сәйкестігін көрсету керек.


«Әрі қарай» батырмасын басу қажет.

Қадам 3. Деректерді тексеру

Нәтижелерді алдын-ала тексеру, импортталатын файл деректерінің дұрыстығын көрсетеді.

Деректерді тексеру барысында, күнтізбелік жоспарлау ұяшықтарында деректердің бар екендігін ескертеді. Егер тақырып бұрын толтырылған болса, күнтізбелік жоспарлаудың әр жолы үшін іс-әрекетті жеке таңдауға болады: : импорттау немесе импорттамау.

Қажетті іс-әрекеттерді таңдаған соң, «Импорттау» батырмасын басу қажет.

Егер алдын-ала тексеру сәтті өтсе, «Әрі қарай» батырмасын басу қажет.

Қадам 4. Импорттау

Жүйе импорттау нәтижелері бар бетті ашады. Тағы бір файлды импорттау қажеттілігі туындаса «Жаңа импорттауды бастау» батырмасына басу қажет.

Үй тапсырмасын импорттау кезінде, келесі параметрлер автоматты түрде қойылады:

  • ҮТ орындау мерзімі – келесі сабақ уақыты;
  • Үнсіз пайдаланылатын баға түрі;
  • Баға саны – 1 баға;
  • Журналда көріну деңгейі – «Көрсетпеу»;
  • ҮТ тексеруді қажет етеді;
  • Нәтижелері бар файл қажет
  • ҮТ сипаттамасы импортталатын файлдан толтырылады;
  • Сабаққа қатысушылардың барлығына «Берілді» күйі. 
Was this article helpful?
29 out of 39 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Article is closed for comments.