Жүйеге үй тапсырмалары туралы ақпаратты енгізу негізінде бірқатар есептер құрастырылады, мысалы, «ЭЖК жүргізу статистикасы», «Белсенділік: Жалпы», «ҮТ орындау уақыты».
Кестеде жасалған әрбір сабақ туралы есеп дұрыс құрылуы үшін күнтізбелік жоспарлауда үй тапсырмасы тағайындалуы керек. Ескерілмейтін жағдайға бірінші сыныптар, элективті курстар және факультатив пәндер жатады, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларда үй тапсырмасы жоқ. Бұл жағдайда «ЭЖЖ жүргізу статистикасы«» есебіндегі «Ү/Т бар сабақтардың %» бағанындағы мән 0%-ға тең, бұл дұрыс көрсеткіш болып табылады. «»
Үй тапсырмасының күйін өзгерту
Оқушылардың үй тапсырмаларының орындауына қарай, берілген үй тапсырмаларды «Орындалды» күйіне ауыстыру қажет. Осы көрсеткіштің негізінде «Белсенділік: жалпы» есебінің мәні құрылады.
Үй тапсырмасының күйін өзгерту үшін:
- «Мектеп - Үй тапсырмалары» қойындысына кіру;
- үй тапсырмаларын көрсету параметрлерінің баптауында көрсету:
- оқу жылы;
- пән;
- сынып;
- үй тапсырмасын берген қызметкер;
- үй тапсырмасын орындау мерзімін көрсету.
- «Табу» батырмасын басу:
- одан әрі күйін өзгертуге қажет үй тапсырмасының мәтініне басу қажет:
- үй тапсырмасының бетінде үй тапсырмасының күйін жаппай өзгерту үшін «Күйі» бағанындағы «Қосу» батырмасына басу қажет:
- жеке оқушылардың үй тапсырмасының күйін өзгерту үшін, таңдаған оқушының аты-жөніне қарама-қарсы «Күйі» бағанасында үй тапсырмасы күйінің мәніне басу қажет:
- ашылмалы тізімде үй тапсырмасын орындаған үшін оқушыға «Орындалды» күйін басу немесе, егер оқушыға үй тапсырмасы қате берілсе «Бас тарту» мәртебесін таңдау.
Үй тапсырмасын беру параметрлерін баптау
Пән бойынша мұғалімнің үй тапсырмасын жасау кезде келесі параметрлерді баптау мүмкіндігі бар, қажетті параметрді құсбелгісімен белгілейді:
- үй тапсырмасын тексеру қажеттілігі:
- тексеру талап етіледі (пән бойынша мұғалім орындалған үй тапсырмаларымен танысқанша және олардың күйін өзгертпегенше, үй тапсырмасы жабылмайды);
- нәтижесі бар файлды жіберу қажеттілігі:
- нәтижесі бар файл қажет (оқушыларда файлды үй тапсырмасына қосу мүмкіндігі пайда болады);
Ескертулер:
- үй тапсырмасы берілген сабақ күні басталғаннан кейін, үй тапсырмасының мәтінін өзгерту ұсынылмайды;
- жүйеде үй тапсырмаларын жаппай жабу мүмкін емес;
- егер бұрыннан жасалған үй тапсырмасына өзгертулер енгізілсе, онда соңғы өзгертудің күні мен уақыты үй тапсырмасы парақшасында көрсетіледі.
Comments
Article is closed for comments.