КТЖ: Сабақтың болжамды уақыты не үшін қажет және қалай енгізуге болады?

Болжамды сабақ күні – күнтізбелік жоспарлаудың «қағаз» күйіндегі бағдарламаны және тақырыпты іске асырудың болжамды күнін анықтау үшін арналған жол.

Сабақтың болжамды күнін қалай толтыруға болады?

Оқу жылының басында, мұғалім өзінің сабақ кестесін нақты білмегендіктен, аптасына өтетін сабақ санына байланысты, КТЖ-да болжамды күндерді көрсетеді.

Ескерту: КТЖ жарияланғаннан кейін, әрбір тақырып сабақ кестесіне байланысты тиісті сабаққа байланысады, осылайша әрбір тақырыптың екі күні болады: болжамды және нақты. «Бағдарламаның орындалуы» есебі дұрыс құрылуы үшін болжамды күндерді нақты күндерге ауыстыру ұсынылады, осылайша екі күн бір-бірімен сәйкес келеді. 

Сабақтың болжамды уақыты не үшін қажет

Сабақтың болжамды күні КТЖ-да тақырыптардың кезектілігін айқындау үшін қолданылады. Хронология бойынша тұрған бірінші тақырып бірінші, келесі тақырып – екінші сабаққа байланысып жалғаса береді.

Болжамды сабақ күнінің нақты күнімен сәкес келуі маңызды. Олар дұрыс хронологиялық тәртіпте көрсетілуі керек. Бұл тақырыптардың сабақ кестесінде дұрыс үйлестірілуі үшін қажет.

Ескерту: сабақ күнін ашылмалы күнтізбеден mceclip10.png күні мен айын таңдау арқылы немесе компьютер пернетақтасы арқылы қолмен енгізу мүмкіндігі бар. Қолмен енгізу форматы: КК.АА.ЖЖЖЖ (мысалы, 01.10.2024)

Was this article helpful?
78 out of 90 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.