Үлестірілген тақырыптардың көрсетілмеуіне бірнеше себеп бар:
1. Білім беру ұйымының есептік кезең кестесі әлі жарияланбаған.
Есепті кезеңге арналған кестенің жарияланғанын тексеру үшін, қажет:
- кестеге өту;
- сыныпты ашу;
- кезеңді таңдау.
2. Жарияланған КТЖ-да бос тақырып жоқ. Әр құрылған тақырып сабақ кестесімен байланыстырылып қойған.
Барлық тақырыптар сабаққа байланғанын тексеру үшін, қажет:
- сабақтың «Күнтізбелік жоспарлауын» ашу;
- кезеңді таңдау;
- тақырыптар санын сабақтар санымен салыстыру.
Ескерту: егер деректер сәйкес келмесе, КТП-ға өтіп, оны жариялаудан алып тастап, тақырыптарды қосып және оны қайта «Жариялап», «Кесте бойынша үлестіру» қажет.
3. Құрылған КТЖ-ға мүлдем тақырыптар енгізілмеген.
Тақырыптарды енгізу үшін, қажет:
- КТЖ ашу;
- тақырыптар қосу;
- «Жариялау және Кесте бойынша үлестіру».
4. Тақырыпты таңдау барысында мектеп қызметкері қажетті тақырыптарды құс белгісімен таңдауды ұмытқан.
Тақырыптарды таңдау үшін, қажет:
- КТЖ ашу;
- «Кесте бойынша үлестіру» батырмасын басу;
- барлық тақырыптарды таңдау;
- «Әрі қарай» және «Үлестіру» батырмаларын басу.
Егер тақырып көрсетілмесе пайдаланушыға келесі іс-әрекет ұсынылады:
- кесте торының болуын және өзектілігін тексеру;
- КТЖ тақырыптар саны дұрыс құрылғанына көз жеткізу;
- күнтізбелік жоспарлау парақшасын ашып, тақырыптар оған дейін енгізіліп қойылғаны мүмкін болуын тексеру.
Comments
Please sign in to leave a comment.