Журналдар мен күнтізбелік жоспарлауды экспорттау және басып шығару бойынша нұсқаулық

Журналды экспорттау Журналды басып шығару

Журналды барлық сыныптар бойынша жаппай экспорттау үшін, қажет: 

  • «Журналдар» қойындысына өту;
  • «Экспорттау» қойындысына басу (оқу жылының атауының астында орналасқан);
  • ашылатын мәзірде таңдау қажет:
    • есептік кезеңді;
    • журналдарды компьютердің қатқыл дискісіне сақтау қажет сынып/сыныптар;

Ескерту: сонымен қатар білім беру мекемесінің барлық сыныптарын (бұдан әрі - мектеп) тез таңдау мүмкіндігі бар.

  •  «Экспорт» батырмасын басу.

Сондай-ақ, пән журналын экспорттау  таңдалған сыныптың парақшасында да бар. Ол үшін таңдалған журнал парақшасына өтіп, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгішені  басу қажет.

Ескерту: мектептің барлық журналдарына тоқсан сайын экспорт (сақтық көшірме) жасау ұсынылады.

Формативтік  бағалауларҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығынегізінде журналдың баспа нұсқасында көрсетілмейді:

6. Формативті бағалау нәтижелері басып шығару мен одан әрі сақтауды талап етпейді.

Күнтізбелік жоспарлауды экспорттау және басып шығару

Күнтізбелік жоспарлауды экспорттау немесе басып шығару үшін «Күнтізбелерді жоспарлау» бөлімін ашып, барлық қажетті сүзгілерді орнатып, «Экспорттау» / «Басып шығару» батырмасын басу қажет.

Ескерту: егер тек қана жылдың атауы бар фильтрді таңдап, қалған жолақтар бос қалатын болса, онда барлық мектеп бойынша күнтізбелік жоспарлау экспорт / басып шығару әрекеті орындалатын болады.

Was this article helpful?
3 out of 4 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.