Жарияланған кестені қажет болған жағдайда өзгертуге болады (мысалы, мұғалімнің ауырып қалған себебімен байланысты). Әкімші немесе «Кесте» бөліміне қолжетімділігі бар редактор келесі өзгертулер енгізе алады:
- сабақты жою немесе болдырмау;
- пәнді ауыстыру;
- сабақты басқа күнге ауыстыру;
- мұғалімді ауыстыру;
- топты, кабинетті ауыстыру.
Кестеде сабақты болдырмау үшін:
- «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп;
- қейінге қалдыратын сабақты таңдап;
- ашылған мәзірде қызыл домалақ белгісіне басу;
«Сабақты кейінге қалдыру» батырмасын басып, себебін енгізу (қажет болған жағдайда);
- мұндай сабақ кестеде, күнтізбелік жоспарлауда қызыл түсті болып шығады және тінтуірді сабаққа апарғанда кейінге қалдырылған болып шығады.
Журналда және күнтізбелік жоспарлауда кейінге қалдырылған сабақ шықпайды.
Кейінге қалдырылған сабақты қалпына келтіруге болады, кестенің өңдеуіне қайта кіріп («қарындаш» суретіне басу), қалпына келтіру баптауын таңдау:
- «Ауыстыру / кейінге ауыстыру ретінде белгілеу» типін таңдаған кезде – сабақ кестеде жасыл түспен белгіленеді, кейінге қалдырылған сабақ «Сабақтарды болдырмау және ауыстыру» есебінде шығады.
- «Белгілемеу (қатені түзету және т.б)» типін таңдаған кезде – сабақ кейінге қалдырылды деп белгіленбейді және «Сабақты кейінге қалдыру» жұмысы есепте шықпайды.
Сабақты кестеден жою
- «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп, жоюға арналған сабақты таңдап, ашылған мәзірде қызыл домалақ белгісіне басу;
- ашылған терезеде «Сабақты жою» жолын таңдап,
батырмасы арқылы өзгертулерді растау.
Жойылған сабақ кестеден жойылады, қосымша журнал мен күнтізбелік жоспарлаудан енгізілген деректермен бірге: бағалар, үй тапсырмасы (егер енгізілген болса).
Сабақты басқа күнге ауыстыру үшін:
- ауыстырылған сабақ қай күнге ауыстыратындығын белгілеп, сол күннің бос ұяшығының барына көз жеткізу. Егер ұяшықта сабақ бар болса, оны болдырмау қажет (болдырмау туралы нұсқаулықпен танысыңыз);
- «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп, басқа күнге ауыстырылатын сабақты таңдап, ашылған мәзірде «қарындаш» батырмасын басу;
- сабақтың нөмірін және күнін енгізіп, «ауыстыру / кейінге ауыстыру» типін таңдау;
«белгілемеу (қатені түзету және т.б)» параметрін таңдаған кезде, сабақ басқа күнге ауыстырылды деп белгіленбейді және «Сабақты басқа күнге ауыстыру» әрекеті «Сабақтарды ауыстыру және болдырмау» есебінде шықпайды.
- «Сақтау» батырмасын басып, себебін енгізу (қажет болған жағдайда) және өзгерістерді растау.
- Басқа күнге ауыстырылған сабақ кестеде жасыл түспен белгіленеді.

- Күнтізбелік жоспарлауда басқа күнге ауыстырылған сабақта, бастапқы күні жақшалардың ішінде тұрады.
Күнтізбелік жоспарлауды басып шығарған кезде, ауыстырылған сабақтың күні жақшада сабақ өткізілетін күннің жаңында көрсетіледі.
Пәнді ауыстырып шығу үшін:
- «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп, басқа күнге ауыстырылатын сабақты таңдап, ашылған мәзірде «қарындаш» батырмасын басу;
- «Сабақты болдырмау» әрекетін таңдап, себебін белгілеу (қажет болған жағдайда);
- кейінге қалдырылған сабақ кестеде қызыл түсті болып шығады. Әрі қарай, сол сабақтың орнындағы ұяшыққа «қосу» батырмасы арқылы жаңа сабақты қосып, сабақ туралы деректерді енгізу қажет;

- сабақты кейінге қалдырғаннан кейін, қосымша терезе ашылғанда
батырмасын басу қажет;
- Жаңадан жасалған сабақ кестеде кейінге қалдырылған сабақпен бірге шығады және жасыл түсті болып белгіленеді.

- Нәтижесінде барлық өзгертулер «Сабақтарды ауыстыру және болдырмау» есебінде шығады.
Мұғалімді (топты немесе кабинетті) ауыстыру үшін сабақтың баптауларында қажет:
- «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөліміне өтіп, басқа күнге ауыстырылатын сабақты таңдап, ашылған мәзірде «қарындаш» батырмасын басу;
- «Мұғалім» өрісінде қажетті өзгертулерді енгізіп, немесе «Кім қатысады», немесе «Кабинет» және оны «ауыстыру ретінде белгілеу» типін таңдап ауыстыру;
«белгілемеу (қатені түзету және т.б)» параметрін таңдаған кезде, сабақ басқа күнге ауыстырылды деп белгіленбейді және «сабақты басқа күнге ауыстыру» әрекеті «Сабақтарды ауыстыру және болдырмау» есебінде шықпайды.
- «Сақтау» батырмасын басып, себебін енгізу (қажет болған жағдайда), және өзгерістерді растау.
- Өзгертілген сабақ кестеде жасыл түсті болып белгіленеді.

- Мұғалімнің ауысуы журналдағы сабақ парақшасында шығады.
Ауысқан мұғалім, күнтізбелік жоспарлау мен журналға деректерді енгізе алатын болады.
Кестедегі елеулі өзгерістер кезінде кесте сұлбасына, өзгерістер күшіне енген аптадан бастап өңдеп қайта жариялау ұсынылады. Жойылатын сабақтармен байланысты ақпарат болмаса (бағалар, ҮТ), кестені сол аптадан тазалау ұсынылады.
Comments
Article is closed for comments.