Бақылау парағымен қалай танысуға болады? (тек Атырау облысы)

Сабақты тексеру, оқу нәтижелерін талдау және оқу үдерісін бақылау мақсатында бейнекамералар арқылы аналитика мен дыбыс жазуды пайдалана отырып, kundelik.kz Атырау облысының Білім басқармасы жанындағы әдістемелік кабинеттер үшін Бақылау парағы жобасы іске асырылды.

Атырау облысының мұғалімдеріне білім беру сапасын жақсарту мақсатында әдістемелік кабинеттердің қызметкерлері бақылау парағын береді. Мұғалімдер берілген бақылау парақтарды kundelik.kz жүйесі арқылы көре алады.

Берілген Бақылау парағын қарау

1-әдіс. «Мектеп» батырмасын басқан кезде мұғалімге арналған тапсырмалар карточкалары ашылады. Егер методист бақылау парағын берген болса, жаңа бақылау парақтары бар карточка пайда болады.

Бақылау парағының мәтінін көру үшін «Қарап шығу» батырмасын басу керек және онымен танысу үшін бақылау парағы бар файлды жүктеп алу қажет.

2-әдіс. «Мектеп» басты бетінде пайдалы сілтемелер тізімінде «Бақылау парақтарының тізімі» жолы бар. Оны басу арқылы мұғалімге берілген барлық бақылау парақтарды көруге болады.

Бақылау парақтарының тізімі парақшасында мәліметтерді сүзгіден өткізіп және олармен танысуға болады.

Мектеп бойынша Бақылау парақтарының есептері

Бақылау парақтары бойынша есептер бетіне өту үшін:

  1. «Мектеп» -> «Есептер» бөліміне өту;
  2. «Әкімшілік» -> «Бақылау парақтары» таңдау.

Бағандардың сипаттамасы:

  • Мұғалім – методист бақылау парағын берген мұғалімнің аты-жөні.
  • Қаралған бақылау парақтарының % – берілген бақылау парақтарға қатысты қаралған бақылау парақтардың пайыздық мәні.
  • Келген бақылау парақтарының саны – методист жасаған бақылау парақтардың жалпы саны.
  • Қаралған бақылау парақтарының саны – мұғалім қараған бақылау парақтардың саны.
Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.