Kundelik жүйесінде, online түрде, мектеп мәзірін қадағалауға және бақылауға мүмкіндік бар.
MektepMenu - бұл мектептерде тамақтануды ұйымдастырудың негізгі жүйесін автоматтандыруға және мектептегі тамақтандыру жүйесінде есеп берушілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге арналған қызмет.
Қызмет білім беру саласындағы төмендегідей нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келеді:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» № 456 Бұйрығы:
- сандық білім беру ресурстарымен интеграциялауға арналған қызметінің болуы;
- мектеп асханасындағы тағамдардың бағасын, тағамдардың фотосуреттерін көрсете отырып мәзірді орналастыру;
- мектеп асханасында тегін және жеңілдікпен тамақтануды есепке алу және тіркеу;
- мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануы туралы ата-аналарды немесе басқа да заңды өкiлдерiн автоматты түрде хабардар ету;
- ата-аналарды немесе басқа да заңды өкiлдерді тегін мобильді қосымшаның және интернет-ресурстың жеке кабинеті арқылы мектеп асханасының мектептегі мәзірі және тамақтану бойынша (тамақтану бағасын, күнін және уақытын көрсететін мәзір) хабардар ету туралы статистика мен есеп алу;
- ата-аналарға аллергендік қасиеттері бар өнімдерді көрсету функциясын ұсыну;
- жеке кабинет арқылы білім алушылар мен ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің сапасына баға қою мүмкіндігі;
- келесі айдың 5-күніне дейін білім алушылардың санын, тағамдардың атауы мен бағасын көрсете отырып, тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы есептілікті ұсыну.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» № 598 бұйрығы:
- Білім беруді басқару органы, білім беру ұйымы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30534 болып тіркелген) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес тіркеу және есептілік функциясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы тегін тамақпен қамтылған білім алушыларды есепке алуды жүзеге асырылады.
Қызмет келесі санаттағы пайдаланушыларға арналған:
-
Білім басқармаларының қызметкерлері:
- өз ауданына, қаласына немесе облысына жататын мектептердегі мектеп асханаларының мәзірін толтыруды бақылау;
- өз ауданына, қаласына немесе облысына қатысты мектептердің бракераждық комиссияларының есептерін жариялауын қадағалау;
- мектеп мәзірін толтыру пайызын бақылау dashboard.kundelik.kz арқылы;
- өз ауданына, қаласына немесе облысына қатысты мектептерде тегін тамақтану туралы есептерді қарау.
-
Жалпы білім беретін ұйымдар (мектептер):
- бекітілген бұйрықтарға сәйкес оқушылар мен ата-аналарды оқушылардың тамақтануы туралы хабардар ету;
- ата-аналар мен оқушылардың кері байланысын бақылау;
- тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну бойынша есептілікті қалыптастыру;
- қоғамдық құжаттарды жариялау (бракераждық комиссиялардың есептерін, сертификаттарын);
- аллергиялық қасиеттері бар өнімдерді көрсете отырып, аллергиялық қарсы көрсетілімдері бар балалардың ата-аналарынан ақпарат алу.
-
Білім алушылар және олардың заңды өкілдері (білім алушылар және олардың ата-аналары):
- жарияланған мектеп мәзірін қарау;
- аллергиялық қарсы көрсетілімдері бар балалар бойынша ақпарат беру мүмкіндігі;
- дербес деректердің құпиялылық саясатын және пайдаланушылардың құқықтарын сақтай отырып, «Күнделік (Kundelik)» ЖШС интеграциялау арқылы «MektepMenu» қызметіне бірыңғай кіру технологиясы (Single Sign-On (сингл Сайн-он)) бойынша мектеп пен сыныпты автоматты түрде таңдау;
- мектептегі тамақтану сапасына кері байланыс қалдыру мүмкіндігі;
- асханаға келуі туралы хабарлама алу.
Тарифтер:
Қызмет жазылу моделі бойынша ұсынылады (*):
№ | Тариф атауы | 1 академиялық жылға бір мектептің құны |
1 |
200-ге дейін оқушысы бар мектептер үшін Kundelik Mektepmenu қызметіне қолжетімділікті қамтамасыз ету |
120,000 теңге |
2 | 200-ден 1,000-ға дейін оқушысы бар мектептер үшін Kundelik Mektepmenu қызметіне қолжетіміділікті қамтамасыз ету. | 360,000 теңге |
3 | 1,000 және одан жоғары оқушысы бар мектептер үшін Kundelik Mektepmenu қызметіне қолжетімділікті қамтамасыз ету. | 480,000 теңге |
Ескерту:
* бағалар бір мектеп үшін және ҚҚС есебінсіз көрсетілген;
* ашықтық үшін шарт ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 13-бабының 1-тармағы, 3 тармақшасы негізінде баға ұсынысын сұрау жолымен немесе ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағы 3 тармақғына сәйкес, бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы жасалады;
* қызметке қол жеткізу, вебинар арқылы оқытуды өткізу мен шарт жасасқаннан кейін бірден ұсынылады;
* mektepmenu.kz платформасы «Күнделік (Kundelik)» ЖШС меншігі болып табылады.
Қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс деректеріне хабарласу керек (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін):
- Whatsapp: +7(706)416-35-05;
- Email: support@mektepmenu.kz.
Comments
Please sign in to leave a comment.