«MektepMenu» қызметімен жұмыс істеу үшін бірнеше қадамдарды орындау қажет:
1. Келісім-шартқа қол қою. Ол үшін төмендегі әдістердің бірін қолдану қажет:
- мемлекеттік сатып алу порталы арқылы: бұл әрекетті жауапты мемлекеттік сатып алу қызметкері орындайды (тендерге қатысу үшін құжаттар);
- онлайн офертаға қол қою.
2. «Тамақтануға жауапты маманды» тағайындау. Ол үшін Kundelik Әкімшісіне:
- «Мектеп» -> «Менің мектебім» бөлімінде «Адамдар» қойындысын ашу;
- мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға жауапты қызметкерді тауып;
- қызметкердің аты-жөнінің жанындағы «Өңдеу» батырмасын басу;
- «Деректер» бөлімінде «Тамақтануға жауапты маман» санатын белгілеп, өзгерістерді сақтау қажет.
3. Ыстық тамақ берушінің деректерін және шарттың мерзімдерін көрсету.
Жеткізушілер - бұл мектеп оқушыларын тамақтандыратын немесе мектеп асханасын басқаратын компанияның мәліметтерін көрсету үшін «MektepMenu» қызметіндегі арналған карточка.
Білім беру мекемесі «MektepMenu» қызметіне қосылған кезде мектеп мәзірі жасалатын жеткізушілер карточкасын қосады.
Назар аударыңыз! Жеткізушінің карточкасымен тек Kundelik жүйесіндегі «Әкімші» рөлі бар пайдаланушы ғана жұмыс істей алады.
Бағдарламаны ашу үшін Kundelik әкімшісі келесі әдістердің бірін қолдануы керек:
- сілтеме арқылы өту - https://mektepmenu.kz/;
- «MektepMenu» қосымшасын Kundelik сайтының бетіндегі «Бағдарламалар» қойындысында ашу;
MektepMenu-ға жеткізушіні қалай қосуға болады?
- экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» батырмасын басу;
- содан кейін, «Kundelik-пен жалғастыру» батырмасын таңдау, онда жеткізушілерді басқару беті ашылады;
- «Жеткізушіні қосу» батырмасын басу;
- ыстық тамақ жеткізуші компанияның деректерін толтырыңыз және шарттың мерзімдерін көрсету:
- жеткізушінің атауы;
- БСН/ЖСН;
- Email;
- телефон нөмірі;
- мекен-жайы;
- шарт нөмірі;
- шарттың басталу күні;
- шарттың аяқталу күні;
- түсініктеме (қажет болған жағдайда көрсету);
- «Сақтау» бастырмасына басу:
Бар картаны өңдеу үшін:
- негізгі бетте «Жеткізушілерді басқару» бөлімінде «Жеткізушілер» батырмасын басу;
- өнім берушінің ашылған карточкасында «Өңдеу» батырмасын басыңыз, онда өзгертуге келетін: атауы, БСН/ЖСН, Email, телефон нөмірі, мекенжайы, келісім-шарттың нөмірі, келісім-шарттың басталуы, келісім-шарттың аяқталуы, пікір (қажет кезде көрсетіледі);
- «Сақтау» бастырмасына басу:
Жеткізушіні жою. «MektepMenu» қызметінде жеткізушінің карточкасын жою мүмкін емес. Бұл мектеп парақшасында бар ақпаратты сақтау қажеттілігіне байланысты. Жаңа жеткізушілердің карточкаларын қосылуын үлкен жауапкершілікпен қарастыруды ұсынамыз.
Жоғарыда аталған барлық қадамдарды орындағаннан кейін, тамақтануға жауапты қызметкер MektepMenu қызметіне қол жеткізе алады, онда келесі функциялар қол жетімді болады:
- мәзірді толтыру - ыстық тегін / ақылы тамақ және буфет ассортименті;
- қоғамдық құжаттарды жүктеу (сәйкестік туралы актілер, бракераж комиссияларының актілері және т.б.);
- тегін тамақтану туралы есептер;
- оқушылардың асханаға барғаны туралы ата-аналарды хабардар ету;
- оқушылардан және олардың заңды өкілдерінен кері байланысты бақылау.
Тамақтануға жауапты маман жеткізушіні MektepMenu қызметіне қосқаннан кейін мәзірді толтыруды бастауға болады.
Қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласу қажет (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін):
- Whatsapp: +7(706)416-35-05;
- Email: support@mektepmenu.kz.
Comments
Please sign in to leave a comment.