MektepMenu. Ата-аналар мен оқушылар мектеп мәзірін қалай көре алады?

MektepMenu цифрлық сервисі - білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастырудағы негізгі процестерді автоматтандыруға арналған және мектептегі тамақтандыру жүйесінде есептілік пен ашықтықты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған қызмет.

Осы қызметтің арқасында ата-аналар мен оқушылар күнделікті мектеп мәзірін көре алады, сондай-ақ кері байланыс немесе ұсыныстар қалдыра алады.

Мектеп мәзірін көру үшін:

  • kundelik.kz жүйесіндегі «Бағдарламалар» бөлімінде «MektepMenu» ашу немесе тікелей https://mektepmenu.kz/ сілтемесі арқылы өту;
  • экранның жоғарғы оң жақ бұрышында «Кіру» батырмасын басу;
  • содан кейін «Күнделік арқылы жалғастыру» әдісін таңдау;
  • жүйеге алғаш рет кірген кезде Kundelik жүйесінің деректеріне сұраныс пайда болады, онда «Рұқсат ету» батырмасын басу керек;
  • әрі қарай, қызметтің өзі ашылады, мұнда:
    • оқушы тарапынан кірген кезде оның жеке деректері (оның аты мен тегінің бірінші әріпі, сынып, мектеп атауы) және «Мәзірді көру» мен «Аллергенді тағамдар» батырмалары пайда болады;

    • ата-аналарда балалар тізімі пайда болады және әр баланың жанында жеке «Мәзірді көру» батырмалары пайда болады (егер ата-ананың бірнеше баласы болса).

  • «Мәзірді көру» батырмасын басу арқылы таңдалған оқушылардың тамақтану туралы келесі толық ақпаратты алу мүмкіндігі бар:
    • тегін/ақылы ыстық тамақ туралы толық ақпарат;
    • буфет ассортименті, онда тағамның атауы, фотосуреті, құрамы, салмағы мен құнын қамтитын толық ақпарат алуға болады.

Ата-аналар мен балалардың мектептегі тамақтану сапасы туралы пікірлерін білдіру мүмкіндігі бар. Пікір қалдыру үшін:

  • «MektepMenu» бастапқы бетінде «Мәзірді көру» батырмасын басу;
  • жарияланған мәзірдің төменгі жағында орналасқан пікірлер терезесіне өту;
  • тағамның сапасы туралы пікірді арнайы жолға енгізіп;
  • «Жіберу» батырмасын басу қажет.

Сондай-ақ, ата-аналар, егер баланың кейбір тағамдарға аллергиясы болса, аллергенді тағамдарды тізімдеу мүмкіндігі бар. Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • қалаған бала үшін «Аллергенді тағамдар» бөліміне өту;
  • аллергенді тағамдарды көрсететін нысанды толтырып;
  • «Сақтау» батырмасын басу керек.

Сондай-ақ ата-аналар «Құжаттар» бөліміне қол жеткізе алады, онда олар бракераж комиссиялардың актілерін және Тамақтануға жауапты маманмен жариялаған кез келген басқа мемлекеттік құжаттарды көре алады.

Назар аударыңыз! «Құжаттар» қойындысы ата-анаға мектеп оларды жариялаған жағдайда ғана көрінеді.

«MektepMenu»-ді мектеп «MektepMenu» қызметімен келісімшартқа отырған оқушылар мен ата-аналар пайдалана алады. Егер мектебіңіз «MektepMenu» қызметінде әлі жұмыс істемесе, қосылу туралы өтінішіңізді веб-сайттымызда қалдыра аласыз, біз міндетті түрде мектебіңіздің өкілдерімен байланысамыз.

Қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс деректеріне хабарласу керек (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін):

Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.