«MektepMenu» қызметінде тамақтануға жауапты маман келісімшартқа қол қойғаннан кейін және мектеп әкімшісі оған қызметке қол жеткізгеннен кейін ғана жұмысын бастай алады.
Мәзірді толтыру және жариялау
Жүйеде мәзірді жариялау үшін Тамақтануға жауапты маман келесі іс-әрекетті орындауы қажет:
- «MektepMenu» сілтемесі арқылы https://mektepmenu.kz/ немесе көк жолдағы «Бағдарламалар» бөлімі арқылы ашу;
- жүйеге кіріп «Kundelik арқылы жалғастыру» батырмасын басу арқылы пайдаланушы аты мен құпия сөзін қолдану;
- бірінші рет кірген кезде kundelik.kz жүйесінің деректері сұранады және «Рұқсат ету» батырмасын басу;
- әрі қарай, «Жеткізушілерді басқару» бөлімінде мектеп карточкасында «Мәзірді өңдеу» батырмасын басу;
- уақыт аралығын таңдап, «Тағамдарды қосуды бастау» батырмасын басу;
-
мәзірге әр позиция бойынша ақпаратты жеке көрсете отырып, қосымша:
-
тағамға жататын бөлімін толтыру:
- Ақылы;
- Тегін;
- Тегін (1-4 сынып);
- тағамның атауы;
- сурет;
- тағамның құрамы;
- оқушылардың жас санатына сәйкес тағамның салмағы;
- тағамның құны.
-
тағамға жататын бөлімін толтыру:
-
өзгерістерді сақтау:
- «Сақтау» батырмасы ағымдағы тағамды сақтау терезесін жабады;
- «Сақтау және тағы қосу» батырмасы ағымдағы терезені сақтай отырып, жаңа тағам жасау үшін жаңа терезесін ашады.
Апталық мәзірді көшіру үшін, келесі іс-әрекетті орындау қажет:
- экранның жоғарғы жағында «Аптаны көшіру» батырмасын басу;
- мәзірді көшіретін аптаны таңдау;
-
«Көшіріп алу» батырмасын басу керек.
Бір күндік мәзірді басқа күнге көшіру үшін, келесі іс-әрекетті орындау қажет:
-
бір күндік ұяшықта «Басқа күнді көшіру» батырмасын басу;
- мәзірді көшіру үшін жоспарланған күнді таңдау;
- «Көшіру» батырмасын басу.
Назар аударыңыз! Барлық ата-аналар мен оқушылар бақылап, мәзірмен танысуы үшін барлық сыныптар мен ауысымдарға толық және егжей-тегжейлі ақпарат қосу керек.
Мәзір, қызмет пайдаланушылары үшін және қол жетімді болуы үшін оны жариялау қажет.
Мәзірді жариялаудың екі жолы бар:
1. Белгілі бір күннің мәзіріндегі «Жариялау» батырмасын басып, тек бір күнді жариялау.
2. Экранның жоғарғы жағындағы «Аптаны жариялау» батырмасын басу арқылы мәзірді бірден таңдалған аптаға жариялауға болады.
Жарияланған тағамды өңдеу немесе жою үшін, келесі іс-әрекетті орындау қажет:
- қажетті тағамның оң жақ бұрышындағы 3 нүктені басу;
- түзетулер енгізілгеннен кейін мәзірді қайта жариялау немесе жою;
- «Жоғары жылжыту», «Төмен жылжыту» батырмаларын пайдаланып, тағамдардың ретін жоғарыдан төменге қарай өзгертуге болады.
Ескерту: мектептің негізгі мәзірінің астына буфеттегі тауарлар туралы ақпаратты қосуға болады.
Буфетке тауарлар қосылғаннан кейін ақпаратты да жариялау қажет болады.
Назар аударыңыз! Мектеп мәзірі мен буфет жарияланған кезде, қызметкердің соңғы жарияланған күнін көрсетеді, осылайша ақпараттың өзектілігін бақылауға болады.
ХӘОТ санаты
Есептілікті дұрыс қалыптастыру үшін Тамақтануға жауапты маман жылдың басында Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына кіретін балаларды (бұдан әрі - ХӘОТ) атап өтуі керек. Ол үшін:
- «MektepMenu» қосымшасын ашып;
- «ХӘОТ оқушыларының тізімі» бөлімінде сыныпты таңдап, ХӘОТ санатына кіретін балаларды құсбелгілермен белгілеу керек.
Асханаға бару
«MektepMenu» бағдарламасында оқушылардың мектеп асханасына қатысуын көрсету мүмкіндігі бар. Мұны Тамақтануға жауапты маман немесе сынып жетекшісі келесі жолдармен жасай алады:
1-нұсқа:
- «Күнделік.Мектеп» мобильді қосымшаны ашу ;
- «MektepMenu» баннерін басу;
- «Кіру» батырмасын басып, «Kundelik арқылы жалғастыру» тармағын таңдау;
- «Жеткізушілерді басқару» бөлімінде «Асханаға бару» батырмасын басу;
- ХӘОТ санатынан қажетті сыныпты немесе балалар тізімін таңдау;
- асханаға келген балаларды белгілеп;
- «Сақтау» батырмасын басу арқылы оқушылардың ата-аналары баласының мектеп асханасында болуы/болмауы туралы хабарлама алады.
Ескерту: тізімнен барлық оқушыларды белгілеу үшін «Барлығын таңдаңыз» батырмасын, ал әрекетті болдырмау үшін «Барлығын алып тастаңыз» батырмасын басуға болады.
2-нұсқа:
- https://mektepmenu.kz/ сілтемесі арқылы парақшаңызға кіру;
- «Асханаға бару» бөлімінде мектептің QR-кодын басып шығарып, мектеп асханасында көрінетін жерге іліп қою;
- QR-кодын сканерлеп, «асханаға бару» бөліміне өту, онда ХӘОТ санатынан қажетті сыныпты немесе балалар тізімін таңдау;
- асханаға барған балаларды белгілеп, «Сақтау» батырмасын басу қажет. Деректер сақталғаннан кейін ата-аналар баласының мектеп асханасында болуы/болмауы туралы хабарлама алады.
Ескерту: тізімнен барлық оқушыларды белгілеу үшін «Барлығын таңдаңыз» батырмасын, ал әрекетті болдырмау үшін «Барлығын алып тастаңыз» батырмасын басуға болады.
Есептер
Әр келесі айдың 5-күні «MektepMenu» қызметінде Тамақтануға жауапты маманның белгілеріне және kundelik.kz жүйесінен қашықтықтан оқыту бойынша деректерге сәйкес 2 есеп құрылады:
- ХӘОТ оқушыларының асханаға келу есебі;
- Бастауыш сынып оқушыларының асханаға келу есебі.
Ескерту:
* есептілікті дұрыс шығару үшін қашықтықтан оқыту деректері келесі айдың 4-күніне дейін көрсетілуі керек.
* қажетті есепті жүктегеннен кейін тамақтануға жауапты маман жүктелген құжатқа өзгерістер енгізе алады.
* әр балаға тамақтану құны есепте тамақтануға жауапты маманмен белгіленеді және қорытынды сома автоматты түрде қалыптасады.
Есептерді жүктеу үшін:
- «MektepМenu» қызметіндегі «Есептер» бөліміне өтіп;
- есептің қажетті түрін таңдау;
- қажетті айдың жанында «Жүктеу» батырмасын басу керек.
Аллергиялық балалар
Тамақтануға жауапты маман «Аллергиялық балалар» бөлімінде әр бала үшін балаларда аллергия тудыруы мүмкін тағамдар туралы ақпаратты қарай алады.
Алдын ала аллергендер туралы деректерді ата-аналар енгізуі керек.
Пікірлер
Мәзірді қосудан басқа, қызмет пайдаланушылары өздерінің пікірлерін, шағымдарын және мектептегі тамақтану бойынша ұсыныстарын қалдыра алады. Тамақтануға жауапты маман оларды «Пікірлер» бөлімінде көре алады.
- пікір қалдыру үшін кері байланыс терезесіне мәтін енгізіп, «Жіберу» батырмасын басу керек:
- пікірді жою үшін мектеп әкімшісі Пікірлер бетіне өтіп, түсініктеме жанындағы үш нүктеге өтіп, «Жою» батырмасын басу қажет.
Ескерту: пікірлерді тек мектеп әкімшісі жоя алады. Сол себептен ата-аналарға, оқушыларға және қызметкерлерге түсініктеме жазуға саналы түрде қарау ұсынылады.
Құжаттар
«Құжаттар» бөліміне бракераждық комиссиялардың есептерін және тамақтануға байланысты кез келген жария құжаттарды жүктеуге болады. Жаңа құжатты жүктеу үшін «Құжатты жүктеу» батырмасын басу керек.
Қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласу қажет (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін):
- Whatsapp: +7(706)416-35-05;
- Email: support@mektepmenu.kz.
Comments
Please sign in to leave a comment.