Әдіскерлер мектеп үлгерімі туралы есептерді қалай қарай алады?

Білім беруді басқару органдарында (ОББ) немесе Аудандық білім бөлімінде (АББ) мектептер бойынша «Үлгерімі» есептеріне қолжетімділік бар.

Мектептер бойынша «Үлгерімі» есептеріне өту үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • Kundelik.kz Жүйесіне кіру;
  • «Ұйым» бөліміне басу;
  • «Білім беру мекемелері» бөлімінде «Білім беру мекемелері бойынша есептерді» таңдау;

  • ашылған бетте «Райондарды» немесе қаланы таңдау;
  • қажетті «Мекемелер типін» таңдау:
    • Қосымша білім беру (ҚББ);
    • Арнайы білім беру ұйымдары;
    • Жалпы орта білім беру ұйымдары;
    • Жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
    • Мамандандырылған білім беру ұйымдары;
    • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

Есепті таңдағаннан кейін мектеп бетіндегі есептер тізімі ашылады.

Есепті құрастыру үшін:

  • кезеңді таңдап;
  • қажетті параметрлерді көрсетіп;
  • «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.

Назар аударыңыз! Жүйеде ауданның немесе облыстың барлық мектептері бойынша бір есеп құру мүмкіндігі қарастырылмаған. Сондықтан есепті әр мектеп бойынша бөлек құру қажет.

Was this article helpful?
1 out of 2 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.