Аудандық білім бөлімінің қызметкері ведомстволық бағынысты мектептермен қалай жұмыс істейді?

Аудандық білім бөлімдерінің (бұдан әрі - АББ) қызметкерлері өз ауданы шеңберінде ведомстволық бағынышты ұйымдардың санын есепке алумен айналысады, демек, келесі функционалдылықтардың қажеттілігі бар:

  • аудан мектептерінің толық тізімін көру;
  • ведомстволық бағынышты ұйымдардың тізімін басқару;
  • жалпы тізімге ұйым түрлерін қосу / өшіру;

Мұның бәрін жүйеде АББ парақшасындағы ведомстволық бағынышты ұйымдардың параметрлерінде жүзеге асыруға болады.

Жоғарыда аталған әрекеттерді АББ парақшасында әкімші рөлі бар қызметкер ғана жүзеге асыра алады.

АББ-не жататын мектептердің тізімін көру үшін:

  • «Ұйым» -> «Менің ұйымым» бөліміне өту;
  •   кілтті басу арқылы «Ұйымға әкімшілік ету» бетіне өту;
  • «Ведомстволық бағынышты ұйымдар» сілтемесіне басу қажет.

Сүзгілер мен мектептер тізімі бар бет ашылады. Сүзгілер келесі параметрлерді таңдауға мүмкіндік береді (шартты таңдағаннан кейін «Іздеу» түймесін басу қажет):

  • «Білім беру мекемесінің атауы» - білім беру мекемесінің атауын енгізуге және мектепті іздеуді жылдамдатуға мүмкіндік береді (негізгі мәнді енгізу жеткілікті);
  • «Білім беру мекемесінің типі» - сүзгіні басқан кезде ұйым түрлерінің тізімі көрсетіледі, бір типті таңдап, осы типке жататын мектептердің тізімін көруге мүмкіндік бар (жиі қолданылады).
  • «Ұйымдық типі» - сүзгіні басқан кезде мектептердің ұйымдық типінің тізімі көрсетіледі, бір типті таңдап, осы типке жататын мектептердің тізімін көруге болады (сирек қолданылады).
  • «Аумақтық бағынушылық» - сүзгі білім беруді басқару ұйымының (ББҰ) қызметкерлері үшін ғана белсенді және деректер жиынтығы алынатын ауданды таңдауға мүмкіндік береді.

Сүзгілерді қолданбаса парақшада ұйымды ведомстволық бағыныстылар тізімінен алып тастау немесе қосу мүмкіндігі бар ауданның барлық мектептерінің тізімі көрсетіледі.

Мектепті ведомстволық тізімнен қалай алып тастауға болады?

Ұйымды тізімнен шығару үшін оны «құсбелгімен» белгілеп, «Алып тастау» батырмасын басу қажет.

Егер мектеп бағынышты тізімнен шығарылса, ол одан әрі келесі тізімдерде шықпайды:

  • мектеп есептерін қалыптастыру кезіндегі мектептер тізімінде;
  • «Kundelik.kz белсенділік» есебін қалыптастыру кезінде мектептер тізімінде;

Назар аударыңыз! Мектеп «Белсенділік бақылауында» көрсетіледі, бірақ АББ қызметкеріне мектеп парақшасы қолжетімсіз болады.

Сондай-ақ, мектептің парақшасында басқарушы ұйым туралы ақпарат болмайды.

Ведомстволық бағыныстағы ББМ типтері

Ағымдағы парақшада белгілі бір типтегі БАРЛЫҚ мектептерді ведомстволық бағынышты ұйымдар тізімінен алып тастау немесе қосу мүмкіндігі бар.

Ол үшін ағымдағы парақшада «Ведомстволық бағыныстағы БМ типтері» қосымша қойындысын ашу қажет.

Ұйым түрін ведомстволық бағыныстағы тізімге енгізу үшін тип атауының жанындағы «құсбелгіні» басып, өзгерістерді сақтау қажет.

Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.