«Пән бойынша сынып үлгерімі» есебі

«Пән бойынша сынып үлгерімі» есебі көрсетілген пән бойынша топтың барлық қойылған қорытынды бағалары туралы ақпаратты қамтиды.

Пәндер тізімінде таңдалған оқу жылы үшін кестедегі барлық пәндер көрсетілген.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • пән;
  • кезең.

Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет. 

 

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады: 

  • сынып атауы;
  • кезең;
  • оқушылардың жалпы саны;
  • белгілерге бөлінген пән бойынша үлгерімі. Белгілер: «Үзд» / «Жақ» / «Орт» / «Жеткіліксіз» / «Н/А» / «БОС» / «ЕСП» / «ЕСЖ» немесе «Баға жоқ»;
  • Орташа балл;
  • үлгерім %;
  • Біл. сап. %;
  • Жалпы ООЖ (%) (оқушылардың үйренген деңгейін, білім дәрежесін білдіреді).

 Есепте топта ашық мүшелігі бар оқушылар және пән бойынша баға қойылған топта жабық мүшелігі бар оқушылар көрсетіледі.

Аналитикалық параметрлерді есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:

  • Орташа балл = («1»*1 бағалар саны + «2»*2 бағалар саны + «3»*3 бағалар саны + «4»*4 бағалар саны + «5»*5 бағалар саны) / («1» бағалар саны + «2» бағалар саны + «3» бағалар саны + «4» бағалар саны + «5» бағалар саны).

Пән бойынша сыныптың орташа балын есептеу кезінде осы пән бойынша сынып оқушыларының барлық бағалары пайдаланылады.

  • үлгерім % = (үздік оқитын оқушылар саны + жақсы оқитын оқушылар саны + үлгеретін оқушылар саны) * 100%) / (сынып оқушыларының жалпы саны - «ЕСП» белгісі бар оқушылар саны).

    мұнда
    • үздік оқитын оқушы – пән бойынша «5» деген қорытынды бағаны алған оқушы;
    • жақсы оқитын оқушы – пән бойынша «4» деген қорытынды бағаны алған оқушы;
    • үлгеретін оқушы - пән бойынша «3» деген қорытынды бағаны алған оқушы.
  • Біл. сап. % (білім сапасы) = ((үздік оқитын оқушылар саны + жақсы оқитын оқушылар саны) * 100%) / (сынып оқушыларының жалпы саны - «ЕСП» белгісі бар оқушылар саны).

    мұнда
    • үздік оқитын оқушы – пән бойынша «5» деген қорытынды бағаны алған оқушы;
    • жақсы оқитын оқушы – пән бойынша «4» деген қорытынды бағаны алған оқушы;
  • Жалпы ООЖ % (оқушылардың оқу дәрежесі) = 


бұл жерде:

  • n2 – «1», «2», «ЕСЖ» деген бағалар саны;
  • n3 –«3» деген бағалар саны;
  • n4 –«4», «ЕСП» деген бағалар саны;
  • n5 –«5» деген бағалар саны;
  • n6 –«А/Ө» деген бағалар саны.

Есептің көрінуі: әкімшілерге, «ҮТ және бағалар» блогына қолжетімділігі бар редактор, пән бойынша мұғалімге - тек «өзінің» сыныбы және «өзінің» пәні бойынша. 

Комментарии