Мектеп қызметкерлері тарапынан барлық қол қойылғаннан кейін оқушының үлгерімі бойынша табелі «Отправить на подпись родителю» батырмасы арқылы ата-ананың қол қоюына жіберіледі.
Жеке тұлғаның ЭЦҚ-сын сілтеме бойынша онлайн түрінде алуға болады.
Мектеп қызметкері табельге қол қою сілтемесін келесі жолдар арқылы жібере алады:
- электрондық пошта;
- «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлерінің көмегімен.
Сілтеме арқылы өткен кезде, қол қойылғанға дейін баланың үлгерімі бойынша табелін көруге болады. Сондай-ақ, кестеге сынып жетекшісі мен мектеп директоры қол қояды.
Әрі қарай, ата-анаға PDF форматында табель ашылатын сілтеме бойынша өтіп, жоғарғы оң жақ бұрышта «Подписать» батырмасына басу қажет.
ЭЦҚ кілтінің файлын (жеке тұлға үшін - RSA) таңдап, оған қол қою үшін құпиясөзді енгізу қажет.
Құжатқа қол қойылғаннан кейін әкімші құжат бетіндегі «Скачать с ЭЦП» батырмасын басу арқылы Doculite-те оқушының үлгерімі бойынша табелін жүктейді.
Әрі қарай, табель басылып шығарылады және оқушының «Жеке іс қағазына» салынады.
Comments
Please sign in to leave a comment.