MektepMenu. Мектеп мәзірін қалай көруге болады?

Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Kundelik жүйесінде online режимінде мектептегі тамақтануын  енгізу мүмкіндігі пайда болды.   

MektepMenu - бұл білім беру ұйымдарында мектепте тамақтандыруды жүргізуді автоматтандыру үшін «Күнделік (Kundelik)» ЖШС компаниясының қолдауымен әзірленген қосымша коммерциялық сервис. 

Назар аударыңыз! MektepMenu-да мектеп мәзірін тек білім беру ұйымы қызметке жазылым жасаған ата-аналар мен оқушылар ғана көре алады.

Қосылу туралы ақпаратты мектеп қызметкерлерінен білу қажет. Егер мектепте жазылым болса, бірақ MektepMenu ашылмаса немесе қате пайда болса, компанияның Қолдау қызметіне хабарласу ұсынылады.

Мектеп мәзірін қалай көруге болады?

Мектеп мәзірін көру үшін:

  • kundelik.kz жүйесіне кіру;
  • «Бағдарламалар» бөліміне басу; 
  • MektepMenu  қызметін таңдау; 
  • оқушы карточкасында орналасқан «Мәзірді көру» батырмасына басу: 

Ескерту: егер ата-ана тіркелген мектептерінде қызметке жазылымы бар екі немесе одан да көп бала болса, онда MektepMenu бетіне ауысқан кезде негізгі бетте бірнеше балалар карточкасы болады және әртүрлі мектептер үшін әртүрлі мәзірлер пайда болады.

Бала оқитын мектептің мәзірі ашылады:

Мобильді құрылғыда мәзір келесі форматта көрсетіледі:

Егер мектеп мәзірі MektepMenu бетінде болмаса, мектеп қызметкерлерінен ақпаратты нақтылау ұсынылады.

Асхана туралы пікірілер

Әрбір пайдаланушы сервистің басты бетінде пікір қалдыра алады: 

  • шағымдар мен ұсыныстарды;
  • сұрақтарды;
  • мектеп асханасының қызметкерлерімен байланысу мүмкіндігі;
  • мәзір туралы ақпаратқа түсініктеме қалдыру.

Пікірді қалдыру үшін:

  • MektepMenu басты бетіне өтіп, төмен айналдыру қажет;
  • мәтінді енгізу үшін терезеде пікірді жазу:
  • «Жіберу» батырмасына басу: 

Ескерту: пікірлерді тек мектеп әкімшісі жоя алады. Ата-аналарға, оқушыларға және қызметкерлерге саналы түрде түсініктеме жазуға кеңес беріледі.

Was this article helpful?
1 out of 1 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.