Ата-аналар мен оқушыларға арналған Microsoft Teams қосымшасындағы бейнесабақтар

Бейнесабақ -Microsoft Teams бейнеконференциясында сабақты қашықтан өткізуге мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту құралы. Бейнесабақты жоспарлаңыз, сонда сынып оған бір рет басу арқылы қосыла алады. Бейнесабаққа қатысушылар бір-бірін көреді және естиді, сондықтан сабақ әдеттегі форматта өтеді: мұғалім тақырыпты түсіндіреді және оқушыларға «тақтаның алдында» сөйлеуді ұсынады. 

Kundelik жүйесі Microsoft Teams сервисінің көмегімен бейнесабақтар өткізуге мүмкіндік береді.

 

Бейнесабаққа қалай өтуге болады?

Жүйе арқылы мұғалім жоспарлаған бейнесабақты табу үшін ата-ана немесе оқушының парақшасы арқылы кіру керек.

Жоспарланған бейнесабақ туралы белгі , жүйенің келесі бөлімдерінде орналасқан.

1. Жұмыс үстелінде. Бейнесабаққа өту үшін «Мектеп» бөліміне өтіп, «Кесте» терезесіне назар аудару керек.

Пән атауының жанында сабақтың онлайн режимінде өтетіні туралы тиісті белгісі  болады.

 

 

Конференцияға қатысу үшін сабақ тақырыбына басу керек, бейнесабаққа қосылу батырмасы бар Сабақ парақшасы ашылады.

 

 

2. Оқушының күнделігінде. Бейнесабаққа өту үшін «Мектеп» бөліміне өтіп, «Күнделік» батырмасына басу керек.

Онлайн түрде өткізілетін сабақтар белгісіне ие. 

Конференцияға қатысу үшін пәннің атауына басып, бейнесабаққа қосылу батырмасы бар Сабақ парақшасы ашылады.

 

 

3. «Кесте» бөлімінде. Бейнесабаққа өту үшін «Мектеп» бөліміне өтіп, «Кесте» батырмасына басу керек.

Онлайн түрде өткізілетін сабақтар белгісіне ие. 

 

 

Компьютер арқылы бейнесабаққа қосылу

«Войти в видеоурок» батырмасын басқаннан кейін қосылымды таңдау туралы ақпарат бар жаңа қойынды ашылады:

 

 

Microsoft Teams қосымшасын компьютерге орнату керек, нәтижесінде болашақта бейнесабақтарға қосылу қарапайым және қолдануға ыңғайлы болады. 

Оқушылар бейнесабаққа қосылған кезде Teams қосымшасында қонақтар ретінде тіркеледі. 

Бағдарлама орнатылғаннан кейін «Войти в видеоурок» батырмасына қайта басу керек.

 

 

Бейне және дыбыс параметрлерін таңдағаннан кейін «Присоединиться сейчас» батырмасын басып, мұғалімнің оқушыға бөлмеге қосылуын күту қажет.

Ескерту: Teams қосымшасы тек бір рет жүктеледі, болашақта «Присоединиться как гость» батырмасына басқан кезде бейнесабақтар автоматты түрде ашылады.

 

Телефон құрылғысы арқылы бейнесабаққа қосылу

Құрылғының браузерінен жүйеге кіргеннен кейін қосылу түрін таңдау беті ашылады:

 

mceclip0.png

 

Қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін құрылғыға Microsoft Teams қосымшасын жүктеу керек.

Teams қосымшасы орнатылғаннан кейін «Присоединиться к собранию» батырмасына басу керек.

 

mceclip1.png

 

«Присоединиться как гость» батырмасына таңдау.

 

mceclip3.png

 

Оқушының атын енгізіп, «Присоединиться к собранию» батырмасына басу. 

 

mceclip4.png

 

Жиналыс сәтті басталды, мұғалім оқушыны жиналысқа қосқаннан кейін ол бейнесабаққа қатысуды бастай алады. 

Ескерту: Teams қосымшасы тек бір рет жүктеледі, болашақта «Присоединиться как гость» батырмасын басқан кезде бейнесабақ автоматты түрде ашылады.

Was this article helpful?
2 out of 2 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.