Қолданушы парақшаларының қайталануын болдырмау үшін жүйеде оқушы мектепті ауыстырған кезде парақшасын оқушымен бірге аударуға мүмкіндік беретін функционалдылық қарастырылған. Яғни, егер оқушы жүйеге бір рет тіркелсе, мектепті ауыстырған кезде оған жаңа мектепте жаңа парақша ашудың қажеті жоқ. Егер оқушы басқа білім беру ұйымына ауысса, ата-ана оқушының бұрыннан бар пайдаланушы атын (логин) жаңа білім беру ұйымының әкімшісіне немесе сынып жетекшісіне беруі қажет, осылайша олар оқушыны kundelik.kz жүйесіне жүйеде бар пайдаланушы ретінде қосады.
Ескерту: әкімшіге парақшаның құпиясөзін хабарлау қажет ЕТІЛМЕЙДІ.
Әкімшілер туралы ақпарат мектептің парақшасында «Әкімшілер» бөлімінде орналасқан.
Ескерту: егер оқушы білім беру ұйымына қосылса, онда оның парақшасымен туыстық байланысы бар ата-анасының парақшасы да автоматты түрде мектепке қосылады.
Жаңа мектептің сұранысын растау
Әкімші қосуға сұрау жібергеннен кейін оқушының жеке парақшасында ұйымға қосылуға шақыру бар екендігі туралы хабарлайтын қалқымалы терезе және жеке парақша параметрлеріне өту үшін сілтеме пайда болады.
«Шақыруға өту» көк батырмасын басқан кезде, пайдаланушы «Параметрлер» бөліміне - шақыру орналастырылған «Қауіпсіздік» қойындысына кіреді.
Егер ақпараттың дұрыстығына күмән болмаса, оқушыға «Ұйымға қолжетімділікті қамтамасыз ету» - «Растау» сілтемесін басу арқылы қосылғанын растау қажет.
Кез-келген күмән туындаған жағдайда, оқушы «Қабылдамау» батырмасын басу арқылы шақырудың күшін жоя алады.
Ескерту: сұрау түскен ұйымды оның атауына басып, ашылған беттегі ақпаратты оқу арқылы тексеруге болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.