Екінші баланы қалай қосуға болады? Жүйеде туыстық қатынасты қалай растауға болады?

Екінші және одан да көп балалармен туыстық байланысты қосу үшін ата-ана мектептің әкімшісіне немесе сынып жетекшісіне хабарласып, қызметкерге жүйедегі өзінің аты-жөні мен пайдаланушы атын хабарлауы керек.

Ескерту: әкімшіге парақшаның құпиясөзін хабарлау қажет ЕТІЛМЕЙДІ.

Әкімшілер туралы ақпарат мектептің парақшасында «Әкімшілер» бөлімінде орналасқан.

 

Туыстық қатынасты растау

Әкімшімен білім алушылармен туыстық қатынас орнатуға сұрау салу жасалғаннан кейін, ата-ананың жеке бетінде ұйымға қосылуға шақырудың бар екендігі туралы хабарлаумен және жеке парақшаны баптауға көшу үшін сілтемесімен қалқымалы терезе бейнеленеді.

 

 

«Шақыруға өту» көк батырмасын басқан кезде, пайдаланушы «Параметрлер» бөліміне - шақыру орналастырылған «Қауіпсіздік» қойындысына кіреді.

 

 

Егер ұйымның әдептілігіне күмән жоқ болса, ата - анаға «Ұйымға қолжетімділікті қамтамасыз ету» - «Растау» сілтемесін басу арқылы қосылғанын растау қажет.

 

 

Кез келген күмәнмен ата-ана «Қабылдамау» батырмасын басу арқылы шақырудың күшін жоя алады.

Ескерту: сұрау салу түскен ұйымды оның атауын басып және ашылған бетте ақпаратты оқып тексеруге болады.

Егер ата-ана екі немесе одан да көп баланы қосуы қажет болса, онда олардың әрқайсысы үшін туыстық байланыстың қосылуын растау қажет болады.

Was this article helpful?
54 out of 77 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.