Ата-аналар мен оқушыларға арналған «Күнделік.Мектеп - Halyk» мобильді қосымшасы

ANDROID АРНАЛҒАН СІЛТЕМЕ

IPHONE АРНАЛҒАН СІЛТЕМЕ

Енді ата-аналар мен оқушылар оқу үлгерімін Halyk мобильді қосымшасы арқылы тікелей көре алады. Бұл мүмкіндік Kundelik.kz платформасы мен Halyk қосымшасының интеграциясы арқылы жүзеге асты. Білім беру ақпаратына қол жеткізу толығымен тегін ұсынылады.

«Күнделік PRO» кімге қол жетімді?

Функционалдылық пайдаланушыларға келесі жағдайларда қол жетімді:

  • kundelik.kz жүйесінде тіркелген белсенді парақшасы бар;

  • Halyk қосымшасы телефонға орнатылған;

  • белсенді банк клиенті – жарамды шоты немесе банк картасы бар.

«Күнделік PRO-да» қалай тіркелу қажет?

1 Қадам. «Halyk» қосымшасында тіркелу.

  • «Halyk» қосымшасын жүктеу;
  • қосымшада келесі мәліметтерді енгізіп, тіркеуді жалғастыру:
    • жеке ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі);
    • ұялы телефон нөмірі.

Назар аударыңыз: егер қосымша бұрын орнатылған болса, оны App Store немесе Google Play арқылы соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет.

2 Қадам. «Күнделікке» өту жолы.

  • басты беттен «Қызметтер» блогын табу;
  • жүйеге кіру үшін «Күнделік» белгішесін басу.

3 Қадам. Жүйеге кіру.

Ашылған бетте kundelik.kz жүйесіндегі пайдаланушы аты мен құпиясөзді енгізу. 

Ескерту: жүйеге алғаш рет кірген кезде kundelik.kz деректеріне қосылуға рұқсат сұралады. 

 

4 Қадам. Келісімге қол қою.

Келісімді растау үшін «Растау» батырмасын басу қажет. Оферта шарттарымен танысу үшін «Мен оферта шарттарымен келісемін» батырмасын басу арқылы өтуге болады.

5 Қадам. Рөлдер.

Әрі қарай, енгізілген жеке деректердің дұрыстығын тексеріп, жүйеге ата-ана немесе оқушы рөлінде кіру. 

Ата ана рөлінде:

  • Егер балада Halyk Easy картасы болса, жүйе деректерді растауды ұсынады.
    Одан кейін «Иә, бәрі дұрыс» деген батырманы басу қажет.

  • Егер балада (немесе балалардың бірінде) Halyk Easy картасы жоқ болса, оны ашу үшін баланың аты-жөні жолағында «Картаны ашу» батырмасын басу қажет.

Одан кейін Halyk Bank мобильді қосымшасы арқылы картаны рәсімдеудің стандартты процедурасын орындау қажет.

Назар аударыңыз: бала атына Halyk Easy картасы ашылмаған жағдайда, қосымшада әрі қарай тіркелу мүмкін емес.

Оқушы рөлінде:

  • ата-ана өз банк қосымшасы арқылы балаға Halyk Easy картасын ашуы қажет;
  • баланың телефонына қосымшаны орнатып, телефон нөмірі арқылы тіркеуден өту;
  • басты беттен «Қызметтер» бөлімін табу;
  • «Күнделік» белгішесін басып, жүйеге кіру;
  • ашылған бетке баланың kundelik.kz жүйесіндегі пайдаланушы аты мен құпия сөзін енгізу;
  • Деректерді тексеріп, «Иә, бәрі дұрыс» батырмасын басу.

Ескерту: егер деректерде қате анықталса, «Қате бар» батырмасын басу керек. Қосымша сізді kundelik.kz жүйесінің Қолдау қызметімен байланыс бетіне бағыттайды, онда мәселенің сипаттамасымен хабарлама жіберуге болады.

«Halyk» қосымшасындағы kundelik.kz жүйесінің мобильді нұсқасына кіру тек ата-ана мен оқушыға ғана қолжетімді.

Тіркеу мен карта ашу рәсімі аяқталғаннан кейін, жүйе пайдаланушыны бағалары бар бетіне бағыттайды.

 

«Бағалар» бөлімі

«Бағалар» бөлімікөрсетеді:

«Бүгін»

 

  • бүгінгі нақты баға көрсетіледі (әдепкі бойынша «Бүгін» бекітілген);
  • қойылған барлық бағалар тізбегін парақты төмен айналдыруы арқылы көруге болады;
  • бағаның жанында « » тілді басқан кезде, «Пән бойынша барлық бағалар» бетіне өткізеді;
  • «Пән бойынша барлық бағалар» терезесінде ФБ/ТЖБ/БЖБ/Қорытынды бағалар және олардың қойылған күні көрсетіледі;
  • бағаның айналасындағы шеңбер диаграммасы оқушы алған балл негізінде 100% ішіндегі нақты пайызды көрсетеді;
  • «Бүгін» бөліміндегі « » тілін басқанда Күнделік бетіне өтеді. 

Ескерту: «Бүгін» бетте тек оқу кезеңінде қойылған бағалар көрсетіледі. Егер бүгін баға қойылмаса, онда «Бүгін» бөлімінде «Бүгінге баға қойылмады» деген хабарлама шығады.

«Тоқсандар»

  • тоқсан бойынша навигатор ;
  • пән бойынша барлық бағаларды көрсетеді;
  • пәннің жанында « » тілі «Пән бойынша барлық бағалар» бетіне бағыттайды;
  • бағаның айналасындағы шеңбер диаграммасы оқушы алған балл негізінде 100% ішіндегі нақты пайызды көрсетеді;
  • «Пән бойынша барлық бағалар» терезесінде ФБ/ТЖБ/БЖБ/Қорытынды бағалар және олардың қойылған күні көрсетіледі;

Ескерту: егер пән бойынша тоқсанда баға қойылмаған болса, қосымшада «Бағалар жоқ» деген хабарлама көрсетіледі.

«Қорытындылар»

  • пән жолында I, II, III, IV барлық тоқсандар бағалары мен қорытынды бағалар (Жылдық, Емтихан, Қорытынды) көрсетіледі;
  • пәннің жанында « » тілі «Пән бойынша барлық бағалар» бетіне бағыттайды;
  • бағаның айналасындағы шеңбер диаграммасы оқушы алған балл негізінде 100% ішіндегі нақты пайызды көрсетеді.

«Күнделік» бөлімі

«Күнделік» бөлімікөрсетеді:

«Кесте»

  • көрсетілген күнге арналған сабақ кестесі (әдепкі бойынша ағымдағы күнге сәйкес «Бүгін» қатарында көрсетіледі);
  • күнтізбені басу арқылы бір апталық деректерді қамтитын кезеңді таңдау мүмкіндігі бар.
«Үй жұмысы»
  • әр сабаққа арналған үй тапсырмасы (мұғалім берген жағдайда);
  • үй тапсырмасының орындалу мәртебесін білдіретін индикатор: (орындалған ҮТ - жасыл, ал орындалмаған - сұр түсті).

Сабақ парақшасында көрсетіледі:

  • сабақты өткізу күні, уақыты, сабақ реті, тақырыбы және ҮТ;
  • «Үй тапсырмасы» жолында мәтінді көшіру функциясы бар;
  • «Мұғалімнің түсініктемесі» жолында мұғалімнің түсініктеме мәтіні, берілген уақыты мен күні көрсетіледі;
  • «Сабақты өткізетін» жолында пән мұғалімінің толық аты-жөні көрсетіледі.

«Парақша» бөлімі

«Парақша» бөлімі көрсетеді:

«Парақша»

Парақша бөлімінде Қолдау қызметіне хабарласу және парақшадан шығу мүмкіндігі бар.

«Күнделік» қосымшасынан шығу үшін парақша қойындысына өтіп, «Парақшадан шығу» батырмасын басып, ашылған терезеде «Иә, шығу» батырмасы арқылы растау керек.

«Қолдау»

«Қолдау қызметі» бөліміне өткен кезде өзекті тақырыпты таңдап, әрі қарай кері байланыс үшін электрондық пошта мекенжайын және мәселенің толық сипаттамасын енгізу қажет.

«Халык» қосымшасы бетіне қайта оралу үшін, белгішесін басу қажет.

Жиі қойылатын сұрақтар

Егер менде бірнеше бала болса, қалай тіркеуден өтемін? Тіркеу үшін, әр балаңызға жеке Halyk Easy картасын ашу қажет.
Осыдан кейін, kundelik.kz жүйесінде туыстық байланыс тіркелген жағдайда, барлық балаларыңыздың оқу үлгерімін көруге болады.
Қамқоршы бола отырып, балама карта аша аламын ба?   Егер заңды қамқоршысы болсаңыз, ия.
«Halyk»қосымшасына кіре алмай жатырмын. Не істесе болады? «Halyk» қосымшасына қатысты сұрақтармен 7111 хабарласу қажет .
Мен оқушымын. Қалай кіремін? Ата-ана Halyk Easy картасын ашқан соң,«Halyk» қосымшасына кіру мүмкіндігі ашылады.
Балада Halyk Easy картасы болмаған жағдайда қосымшаға кіре аламын ба? Иә, егер ата-ананың банк картасы болса және ол Kundelik жүйесінде тіркелген болса, онда ол қосымшаға кіріп, Kundelik жүйесінде тіркелген балаларының профильдерін көріп, сондай-ақ Қолдау қызметіне жаза алады. Алайда баланың бағалары тек Halyk Easy картасы рәсімделген жағдайда ғана көрінеді.
«Бағалар» бөлімінде барлық күндерді көріп тұрған жоқпын? Бұл бөлімде оқу кезеңі бойы қойылған бағалар көрсетіледі. Егер белгілі бір күні баға қойылмаса, онда сол күн бұл бөлімде көрсетілмейді.

«Күнделік» қосымшасы ақылы ма?

Жоқ, Қосымша тегін.

Егер мен мұғалім ата-ана болсам, қосымашада баламның бағаларын көре аламын ба?

Сізде ата-ана рөлі болғандықтан, балаңыздың оқу үлгерімін көре аласыз.

Менің балам 1 сыныпта оқиды, неге карта аша алмай жатырмын?

0–1-сынып оқушыларына қосымшаға қолжетімділік берілмейді, себебі бұл сыныптағы оқушыларға баға қойылмайды.
Сондай-ақ, балаларға арналған карта тек 6 жастан бастап ашылады.

«Күнделік» қосымшасына қатысты қандайда сұрақтар мен қиындықтар туындаған жағдайда, қолдау қызметімен келесі байланыс құралдары бойынша хабарласуға болады:

  • Телефон нөмірі: +7 727 313 18 32;
  • Whats App желісі: +7 700 313 18 32;
  • Email пошта: team@kundelik.kz.

Егер сұрақ банк қосымшасына қатысты болса, Halyk банктің қолдау қызметіне 7111 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Was this article helpful?
36 out of 44 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

1 comment

Please sign in to leave a comment.