Halyk Bank мобильді қосымшасындағы «AI.Analytics» блогы

Енді ата-аналар мен оқушылар «Halyk» мобильді қосымшасы арқылы бағалар аналитикасын ыңғайлы түрде көре алады. Бұл мүмкіндік Kundelik.kz платформасының Halyk Bank-пен ынтымақтасу нәтижесінде іске асты. Қосымшада баланың үлгерімі, бағалары және сыныптағы рейтингі туралы толық ақпарат көрсетілген. Аналитикаға қол жеткізу тегін болып табылады.

«AI.Analytics» блогы үш негізгі бөлімнен тұрады: «Шолу», «Бағалар мен пәндер» және «Рейтинг», әр бөлім оқушының білім деңгейін, үлгерім динамикасын және сыныптастары арасындағы орнын тереңірек талдауға мүмкіндік береді. 

«Шолу» бөлімі

«Шолу» бөлімінде таңдалған кезең мен сынып бойынша оқушының оқу белсенділігі туралы жиынтық ақпарат ұсынылған.

Бұл бөлімде келесі көрсеткіштер көрсетіледі:

  • Сыныптағы орны – оқушының үлгеріміне сәйкес сыныптағы орны.

  • Үй тапсырмалары – орындалған үй тапсырмаларының сандық және пайыздық көрсеткіші.

  • Сабаққа қатысуы – таңдалған кезеңдегі сабаққа қатысу деңгейі (жалпы сабақ санына шаққанда).

  • Үлгерімі – оқушының жалпы үлгерімінің деңгейі пайыздық мөлшерінде.

Соңғы бағалар және сыныптастармен салыстыру

«Соңғы бағалар» қойындысында формативті бағалар, сондай-ақ БЖБ және ТЖБ бойынша алынған баллдардың ең жоғары мәндерін көрсетеді.

«Сыныптастармен салыстыру» қойындысы оқушының формативті бағалары мен БЖБ, ТЖБ баллдарын сынып нәтижелерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Деректер 10 баллдық шкала негізінде диаграмма түрінде ұсынылады. Сонымен қатар пайдаланушы бағалардың қойылған күнін және сынып бойынша орташа баллын көре алады.

Пәндер топтары

«Пәндер топтары» қойындысы оқушының ғылыми және білім беру бағыттары бойынша мықты және әлсіз тұстарын анықтауға көмектеседі. Аналитика келесі кезеңдер бойынша бөлінеді:

  • апта үшін;

  • ай үшін;

  • тоқсан үшін.

Пайдаланушы диаграмманың бағанды немесе радиалды түрін таңдай алады, сондай-ақ әр пәнді жеке қарап, өз көрсеткіштерін сыныптастарымен салыстыруға мүмкіндігі бар.

«Бағалар мен пәндер» бөлімі

«Бағалар мен пәндер» бөлімінде оқушының үлгерімі барлық пәндер бойынша немесе әр пәнді жеке таңдау арқылы толық деректерді көрсетеді.

Бұл бөлімде:

  • барлық пәндер немесе таңдалған пән бойынша бағалар туралы жалпы ақпарат;

  • барлық бағалардың жиынтығы немесе жеке пән бойынша оқушының сыныптағы орны;

  • орындалған үй тапсырмаларының пайыздық және сандық көрсеткіші;

  • таңдалған кезеңдегі сабаққа қатысуы;

  • пәндер бойынша 100 баллдық шкаладағы үлгерім көрсетіледі.

Үлгерім шолуы

«Үлгерім шолуы» қойындысы оқу барысындағы прогрессті пайызбен көрсетеді. Келесі мәліметтер қолжетімді: барлық пәндер бойынша немесе әр пәнді жеке қарауға болады.

Соңғы бағалар

«Соңғы бағалар» қойындыда ағымдағы тоқсанда алынған формативті бағалар, сондай-ақ БЖБ және ТЖБ бойынша баллдар көрсетіледі.

Сыныптастармен салыстыру

«Сыныптастармен салыстыру» қойындысында оқушының бағалары сыныптың орташа көрсеткіштерімен салыстырылып, бағанды диаграмма түрінде көрсетеді. Диаграмма оқушының бағаларын басқалармен салыстырғанда орташа көрсеткіштен қаншалықты жоғары немесе төмен екенін көрсетеді.

Формативті бағалардың санаттары

«Формативті бағалардың санаттары» атты шеңберлі диаграмма тоқсан ішіндегі бағалардың үлестірімін және оқушының жалпы үлгерім деңгейін көрсетеді. Диаграмманы басу арқылы қосымша белгілі бір топтағы оқушылар саны мен олардың пайыздық үлгерімін, сондай-ақ қаралып отырған баланың қай топқа жататынын білуге болады.

Пәндер бойынша үлгерім

«Пәндер бойынша үлгерім» қойындысы оқушыға өз біліміндегі мықты жақтарын және назар аударуды қажет ететін тұстарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар нәтижелерді параллель сыныптармен салыстыруға болады.

Пәндер екі топқа бөлінеді:

  • «Жақсы нәтижелер».

  • «Назар аударуды қажет етеді».

Орташа балл динамикасы

«Орташа балл динамикасы» қойындысы орташа баллдың күн, апта, ай немесе оқу кезеңі бойынша өзгерісін бақылауға және оны өз сыныбындағы оқушылармен салыстыруға болады.

Пәндер топтары

Пәндерді ғылыми және білім беру салалары бойынша жіктеу арқылы оқушы апта, ай немесе бүкіл оқу кезеңіндегі жетістіктері мен даму бағыттарын бағалай алады. Диаграмма 10 баллдық шкалада «Бағандар» және «Радиалды» форматтарында көрсетіледі.

«Рейтинг» бөлімі

«Рейтинг» бөлімі оқушының оқу жетістіктерін басқа оқушылармен салыстыра отырып құрама талдауға арналған.

Бұл бөлімде:

  • барлық пәндер бойынша жалпы рейтинг (әдепкі түрде) немесе жеке пәндер бойынша рейтинг;

  • оқушының сыныптағы орны және ең жоғары нәтижесі;

  • параллель сыныптар арасындағы позициясы көрсетіледі.

Сыныптастармен салыстырғандағы оқу жетістіктері

График барлық пәндер бойынша оқушының жалпы рейтингін сыныптастарының үлгерімімен салыстыра алады.

Сыныптағы үлгерім

«Сыныптағы үлгерім» шеңберлі диаграммасы пәндер бойынша бағалардың пайыздық үлесін және оқушының жалпы үлгерім деңгейін көрсетеді.

«Үлгерім тобында салыстыру» қойындысы оқушының сыныптастар арасындағы орнын көрсетсе, «Параллель сыныптар рейтингі» өз сыныбының нәтижесін басқа сыныптармен салыстыруға болады.

Рейтинг динамикасы

«Рейтинг динамикасы» қойындысы үлгерімдегі толық өзгерістерін бақылауға мүмкіндік береді. Арнайы сүзгі арқылы талдау кезеңін апта немесе ай бойынша таңдап, нәтижелерді нақты әрі түсінікті түрде салыстыруға болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ

Жауап

Мобильді аналитика мен сайттағы аналитиканың айырмашылығы неде?

Мобильді аналитика мен сайттағы аналитикада көрсетілетін деректер бірдей, себебі олар бір ортақ жүйе негізінде қалыптастырылады.

Айырмашылық ақпараттың көлемі мен қолжетімді функционалда.

Мобильді қосымшада оқушының үлгерімін жедел бағалауға арналған ең негізгі және маңызды көрсеткіштер ыңғайлы, көрнекі форматта ұсынылады.

Ал сайтта кеңейтілген аналитика мен қосымша мүмкіндіктер қолжетімді. Мысалы, сыныптастарымен нәтижелерін тереңірек салыстыру функциясы бар.

Оқушының жалпы рейтингі деген не?

Жалпы рейтинг — бұл оқушының сыныптағы орны, ол тоқсан/жыл қорытындысы бойынша барлық пәндерден алынған рейтингтердің орташа мәні негізінде қалыптасады.

Жекелеген пәндер бойынша рейтинг неғұрлым жоғары болса, оқушының жалпы рейтингі де соғұрлым жоғары болады.

Оқушының пән бойынша рейтингі деген не?

Пән бойынша рейтинг — белгілі бір пәннен тоқсан/жыл ішінде алған орташа балл негізінде есептелетін, оқушының сыныптағы орны.

Оқушының орташа баллы жоғары болған сайын, сол пән бойынша рейтингі де жоғары болады.

Рейтинг қалай қалыптасады?

Рейтингтегі орындар саны баға алған оқушылар санына тең.

Егер екі немесе одан да көп оқушы бірдей баға алса, олардың рейтингі бірдей болады (рейтингте бір орын алады, ал қалған оқушылар сәйкесінше рейтингте төмен жылжиды).

Мысалы:
Екі оқушы ең жоғары балл алып, 1-орынды бөлсе, келесі көрсеткішке ие оқушы рейтингте 3-орында болады.

Was this article helpful?
2 out of 2 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.