«Күнделік.Мектеп» мобильді қосымшасын келесі әдістермен жүктеп алуға болады:
- App Store-дан (IOS пайдаланушылары үшін);
- Play Market-тен (Android пайдаланушылары үшін).
«Күнделік. Мектеп» мобильдік қосымшасы - барлық білім туралы ақпаратты дереу, Жүйеге кірмей-ақ алғысы келетін оқушылар мен олардың ата-аналарына ыңғайлы болу үшін арнайы әзірленген қосымша коммерциялық қызмет.
Мобильді қосымшаны пайдалану міндетті емес. Барлық білім туралы ақпарат сайт арқылы толықтай тегін. |
Ескерту: «Күнделік» ААЖ - бұл жеке инвестициялар есебінен әзірленген автоматтандырылған ақпараттық жүйе (мемлекеттік бюджет есебінен емес). Жүйе коммерциялық қызметтер есебінен (барлық ақылы қызметтерді пайдалану міндетті емес) және жарнамалық ақпарат есебінен монетизацияланады.
Қосымшаға кіру
Мобильді қосымшаға кіру үшін «Күнделік» ААЖ-дегі парақшасының пайдаланушы аты мен құпиясөзін енгізу қажет.
Ескерту: Мобильді қосымшаға (МҚ) Kundelik.kz сайтының уақытша құпиясөзі арқылы (6 сан) кіруге болмайды. Kundelik.kz жүйесінің толық нұсқасында уақытша құпиясөзді тұрақты құпиясөзге өзгертіп, осыдан кейін ғана тұрақты құпиясөзбен мобильді қосымшаға кіру қажет.
Жазылым төлемі
Жазылым төлемдері екі жолмен жүзеге асырылады:
-
«Күнделік.Мектеп» қосымшасы арқылы:
- MҚ-да соңғы қойындыны ашып, PRO-нұсқасы батырмасына басу;
- жазылым нұсқасын таңдау (жыл / ай);
- жазылым төлемін растау;
- сома қосымшалар нарығына байланыстырылған банктік картадан алынады;
- kundelik.kz сайтындағы браузер арқылы:
- толығырақ келесі мақалада.
Ескерту: барлық жазылымдар автоматты түрде жаңартылады.
Барлық жазылымдар күнтізбелік жыл (оқу жылы емес) немесе ай үшін жарамды (таңдалған жазылымның нұсқаулығына байланысты).
Мобильді қосымшаны пайдаланудың бірінші 21 күні жылдық немесе бір айлық жазылымды рәсімдеу кезінде тегін беріледі. Жазылым ақысы 21 күннен кейін автоматты түрде төленеді.
IOS операциялық жүйесіндегі жазылымнан бас тарту үшін:
Android операциялық жүйесіндегі жазылымнан бас тарту үшін:
Жазылымнан бас тарту тек жазылым жасалған @gmail.com (Android үшін) немесе AppleID (IOs үшін) жеке парақшалары арқылы мүмкін. Ескерту: жазылымнан бас тартқаннан кейін қосымшаның толық нұсқасына қол жетімділік ағымдағы жазылымның соңына дейін сақталады. Жазылымды автоматты түрде жаңарту тоқтатылады. Қосымшаның жұмысына және оның төлеміне қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қолдау қызметіне хабарласу қажет. |
Light (бастапқы) және PRO нұсқаларының айырмашылығы
- Light (Бастапқы) - нұсқасы (тегін);
-
PRO - нұсқасы (жазылымның ақылы түрі):
- 480 теңге / ай;
- 3500 теңге / жыл.
Light нұсқа
PRO нұсқа
Бағаға басқан кезде көрсетілген күн үшін пән бойынша баға алған оқушылар туралы толық сипаттамасы көрсетіледі.
Бағалаудың айналасындағы шеңбер диаграммасы баланың сыныптағы үлгерімінің деңгейін көрсетеді:
- шеңбер толық айналымын жасайды:
- егер оқушы сыныптастары арасында жоғары баға алса (егер бұл оқушы ғана баға алса, онда да диаграмма толық болады);
- егер сыныпта басқа оқушылардың бағасының мәні жоғарырақ болса, онда диаграмма толық емес шеңберді көрсетеді;
- егер бағалау екі мәнді болса, онда әр бағасының мәні жеке диаграммада көрсетілетін болады.
Шеңбер диаграммасының түсі жүйедегі баға түсіне сәйкес келеді.
Шеңберлік диаграмма жылдық, емтихандық және қорытынды бағалар үшін, сондай-ақ ЕСП, ЕСЖ және БОС белгілері үшін көрсетілмейді.
Деректерді талдауға толық қол жетімділік Pro-нұсқасына жазылғаннан кейін ғана ашылады.
«Күнделік» виджеті
Бұл виджеттің мүмкіндіктері:
- көрсетілген күнге арналған сабақ кестесі (әдепкі қалпы бойынша, бұл ағымдағы күнге арналған кесте);
- қоңырау кестесі (тек PRO-нұсқасы үшін);
- әр сабаққа арналған үй тапсырмасы (тек PRO-нұсқасы үшін);
- мұғалімнің сабаққа түсініктемесі;
- әр сабақтың бағалары (тек PRO-нұсқасы үшін).
Қосымшаның бастапқы нұсқасы үшін тек түсініктемелері бар сабақтар көрсетіледі. Бағалар құлып белгішесімен жасырылған. Тек PRO-нұсқасында бағалары бар сабақтар көрсетіледі. Егер бір күннің ішінде бағалар қойылмай қалса, онда қосымшада «Бағалар жоқ» деген хабарлама шығатын болады.
Бұл бөлімде үй тапсырмасы берілген сабақтар ғана көрсетіледі. Егер ҮТ берілмесе, онда сабақ көрсетілмейді. Сондай-ақ, оқушы үй тапсырмасын орындау туралы құсбелгісін қоя алады. Егер құсбелгі қойылған болса, онда ҮТ мәтіні сызылатын болады.
Сабақ туралы барлық ақпаратты көру үшін оған басу керек.
Ескерту:
- егер үй тапсырма орындалған болса, онда «Құсбелгіні» қою қажет.
- егер үй тапсырмасының жанында белгісі болса, бұл тапсырмада бекітілген файл бар екенін білдіреді.
- егер мұғалім үй тапсырмасын беру кезінде файлдарды тіркеу параметрлерін орнатса, онда сабақ парақшасында «Файлды бекіту» батырмасы пайда болады.
Бекітілген файлдарды, сабақ туралы толық ақпаратты көру үшін сабақ атауы бар жолына басу керек. Сабақ парақшасында келесі ақпарат қол жетімді:
- сабақ өткізілетін күні мен уақыты;
- кабинет;
- баға қойылған немесе қатысуы туралы белгі көрсетілген пәннің атауы;
- сабақтың тақырыбы;
- үй тапсырма;
- сабақ өткізетін мүғалімнің аты-жөні.
«Үлгерімі» виджеті
Бұл виджетте бірнеше бөлім бар:
Барлық пәндер бойынша барлық тоқсандық бағалары көрсетіледі.
Тақырыппен бағанасына басқан кезде алынған бағалардың толық тізімі, сондай-ақ бүкіл сыныптың оқушыларының үлгерімін талдай отырып, бағдарлама формативті белгілердің орташа балын көрсетеді. Талдауды көру үшін «Толығырақ» батырмасына басу қажет. Бөлімге PRO-нұсқасына жазылғаннан кейін ғана қол жеткізуге болады.
Ағымдағы оқу жылындағы барлық бағалар көрсетіледі. Бөлімге PRO-нұсқасына жазылу кезінде ғана қол жеткізуге болады.
«Парақша» виджеті
«Парақша» виджеті келесі мүмкіндіктерді басқаруға арналған:
- жазылымды қалпына келтіру;
- тілді ауыстыру;
- push-хабарламалардың жұмысқа қабілеттілігін диагностикалау;
- парақша аватарын өзгерту;
- қолдау орталығына жүгіну;
- аккаунттан шығу.
Жұмысқа қабілеттілігін диагностикасын көшу кезінде push-хабарламалар жүргізіледі:
- Google Play қызметтерінің қол жетімділігін тексеру (тек Android үшін);
- қосымшадан Push хабарландыруларын алуға рұқсатты тексеру;
- хабарламаларды алу үшін құрылғының сервермен байланысын тексеру;
- диагностиканы аяқтау үшін тест хабарламасын жіберу.
Comments
Please sign in to leave a comment.