«Күнделік (Kundelik)» компаниясы «Күнделік.Мектеп» мобильді қосымшасына ақылы жазылымды ресімдеудің балама әдісін жасады.
Мобильді қосымша және оның нұсқалары туралы толығырақ келесі мақалада сипатталған: Ата-аналар мен оқушыларға арналған «Күнделік.Мектеп» мобильді қосымша
Сайттағы барлық ақпарат ақылы жазылымның болуына қарамастан, әлі де тегін қолжетімді.
Назар аударыңыз! Жазылымдар қайталанбауы үшін оның Play Market / App Store арқылы өңделмегеніне көз жеткізіңіз. |
Браузер арқылы қалай жазылымды рәсімдеуге болады?
Жазылымды рәсімдеу үшін, қажет:
- жүйеге кіргеннен кейін «PRO төлеу» қойындысын басу;
- жазылым нұсқасын таңдау. Барлық өзекті тарифтер жазылымды рәсімдеу кезінде көрсетілген;
- «Жазылымды рәсімдеу» батырмасын басу;
- банк картасының мәліметтерін енгізу;
Назар аударыңыз! Жүйе сіздің картаңыздан 1-ден 100 теңгеге дейінгі соманы есептен шешеді және оны бір сағат ішінде қайта қайтарады. Бұл төлем қызметі банк картасының төлем қабілеттілігін тексеруі үшін қажет.
Егер деректер дұрыс енгізілсе, таңдалған жазылым нұсқасы үшін сома алынады.
Барлық отбасы
Мобильді қосымшаға жазылымды сатып алу жүйедегі пайдаланушының профиліне (есептік жазбасына) байланысады.
Дегенмен, біздің қосымшада жазылым алған барлық отбасы мүшелеріне таралатын «Барлық отбасы» функциясы бар. Туыстық байланыстар тек қана біздің Жүйеде жасалуға тиіс.
Мысалы: ана мобильді қосымшаға жазылым жасады. Екі бала анасымен байланысты. Сонымен қатар, оқушылардың парақшаларына әке мен әженің парақшалары бекітілген. Демек, ана, әке, әже және балалар жазылымға қолжетімділігі бар.
Жазылымды пайдалану үшін біздің Жүйедегі пайдаланушы аты мен құпиясөзге кіру жеткілікті.
Жазылымнан қалай бас тартуға болады?
«Kundelik.kz» сайтында мобильді қосымшаның PRO-нұсқасына жазылуды автожаңартудан бас тартуға болады, ол үшін қажет:
- «Kundelik.kz» (https://kundelik.kz/) басты бетіне өту;
- жазылым ресімделген парақша арқылы кіру;
- жоғарғы оң жақ бұрышта аты-жөнді басу және «Параметрлерді» ашу;
- жеке параметрлерде «Басқа» қойындысын ашу;
- «Мобильді қосымшаның PRO-нұсқасына жазылу» блогында «Автожаңартуды бас тарту» батырмасын басу қажет.
Жазылымнан бас тартқаннан кейін қосымшаның толық нұсқасына кіру жазылымның уақыты біткенге дейін сақталады. Жазылымды автоматты түрде жаңарту тоқтатылады.
Comments
Article is closed for comments.