«Менің Beeline» мобильді қосымшасында kundelik.kz сайтынан бағаларды қалай көруге болады?

29.01.2024 жылы «Kundelik» ЖШС мен Beeline арасындағы бірлескен жобасы іске қосылды, соның арқасында Билайн абоненттері kundelik.kz сайтындағы бағаларды «Менің Beeline» мобильді қосымшасында көре алады.

Жазылу құны - айына телефон нөмірінің балансынан 500 теңге. Нөмірді шотқа байланыстыру үшін баланс 500 бірліктен асуы керек, әйтпесе ол болмайды.

Егер Kundelik.kz жүйесінде ата-ана мен бала (балалар) арасында туыстық қарым-қатынасы болса, онда бір жазылым олардың барлығына жарамды болады.

«Менің Beeline» МҚ-да бағаларды қарау үшін:

  • Beeline абоненті болу;
  • құрылғыға «Менің Beeline» мобильді қосымшасын орнату;
  • Жеке телефон нөміріңізбен «Менің Beeline» желісіне авторизациядан өтіп, «Басты» қойындысына кіріп, «Күнделік» бөлімін басыңыз:

  • kundelik.kz сайтында авторизация беті ашылады, жүйеге пайдаланушы атын мен құпиясөзін енгізу қажет;
      • Қолжетімділік сұрауы абоненттің «Менің Beeline» МҚ-ға бағаларды беруге ерікті келісімімен расталады.
  • деректерді салыстырудан өту: пайдаланушы аты, аты және телефон нөмірі сәйкес келетініне көз жеткізу керек:

Егер деректер дұрыс болса және бұл сіздің жеке парақшаңыз болса - «Иә, бәрі дұрыс» батырмасын басу қажет. Kundelik.kz жеке парақшасы Beeline телефон нөміріне байланыстырылады.

Егер деректер қате болса және бұл сіздің жеке парақшаңыз болмаса - «Қате кетті» батырмасын басу керек. Kundelik.kz сайты ашылады, онда дұрыс жеке парақшаға кіру керек. Парақшаңызға кіргеннен кейін «Менің Beeline» MҚ-ны толығымен жауып, оны қайтадан ашу керек. Әйтпесе, «Менің Beeline» МҚ-дан шығып, қайта авторизациядан өту керек болады.

Назар аударыңыз! Егер оқушы мектепті ауыстырса, Beeline ескі пайдаланушы аты мектепке байланбағанын анықтайды және оған жаңа пайдаланушы атымен кіруді ұсынады. Осыдан кейін жазылым ақылы кезеңнің соңына дейін жарамды болып, әрі қарай автоматты түрде жаңартылады.

Егер сіз ата-ана болсаңыз - Beeline нөміріңізді баланың немесе балалардың біреуінің жеке парақшасына байланыстырудың қажеті жоқ. Ата-ананың жеке парақшасын kundelik.kz сайтында балаларыңызбен байланыстырсаңыз, «Менің Beeline» МҚ арқылы барлық балаларыңыздың бағаларын көре аласыз. Егер сізде ата-анаңыздың жеке парақшасына кіру мүмкіндігі болмаса, оны қолдау қызметінен келесі нөмірі бойынша алыңыз:

WhatsApp: 8-700-313-18-32.

  • жазылымды рәсімдеу кезінде алғашқы 14 күн тегін беріледі;
  • одан әрі баланстан 500 теңге есептен шығарылады;
  • «Оқу саласы» бөлімінде бағалар пайда болуы үшін қосымшаны жауып, ашу ұсынылады.

Оқушының / оқушылардың күнделігі келесідей көрінеді, төменде толық сипаттамасы берілген:

Егер сіз ата-ана болсаңыз - онда баланың Атына басқан кезде, басқа балалары бар қойындысы ашылады.

«Менің Beeline» MҚ-да жеке парақшаңызды байланыстырғаннан кейін келесі бағалар көрсетіледі:

  1. Тоқсандық және қорытынды бағаларды таңдау.
  2. Пәннің атауы және пән бойынша бағалары: ФБ және БЖБ/ТЖБ нәтижелері.
  3. Пәнге басқан кезде бағалаулардың толық тарихы ашылады.
  4. Пән атауының қасында тоқсанда алған Формативті бағалардың орташа балы жазылады.
  5. Бағаға басқан кезде - сыныппен салыстырғанда үлгерім рейтингі.

Жиі қойылатын сұрақтар:

Kundelik.kz сайтындағы пайдаланушы атын мен құпиясөзін білмеймін, не істеуім керек?

Kundelik.kz қолдау қызметіне хабарласуыңыз қажет:

Менде баланың жеке парақшасы бар, бірақ ата-ананың парақшасы жоқ, не істеуім керек?
«Менің Beeline» МҚ-да бағаларды қарау үшін гигабайттар жұмсалады ма? Жоқ. 
Бағаларды қарау үшін жазылым қанша тұрады? Бірінші 14 күн тегін, сосын 500 теңге / айына. 
Бағаларды электрондық түрде қалай көруге болады? «Күнделікке» қалай тіркелуге болады?

«Күнделік» жүйесінде өз бетінше тіркелу мүмкін емес. Балаларыңызды сынып жетекшісі тіркейді. Қызмет тек Kundelik компаниясымен келісім-шартқа отырған мектептермен жұмыс істейді. Келісім болса, мектеп бұл туралы сізге хабарлауы керек еді. Балаңыздың сынып жетекшісінен нақтылауды ұсынамыз.

«Менің Beeline» МҚ-да бір бағалар көрсетілген, ал kundelik.kz-те басқалары - неге?

Kundelik.kz қолдау қызметіне хабарласуыңыз қажет:

Неліктен бағалар мен рейтингтер туралы ақпарат дер кезінде көрсетілмейді? Бұған кім жауапты? Бізге не істеу керек?

Барлық бағаларды мұғалімдер қояды. Бұл мәселе бойынша сіз балаңыздың сынып жетекшісіне жүгіне аласыз.

Пән атауында қате бар, неге?

«Күнделік» жүйесіндегі пәндердің атауларын мектеп әкімшілігі белгілейді, толық түсініктеме алу үшін сынып жетекшісіне хабарласыңыз.

«Менің Beeline» МҚ-ның экранында бағалар қисық түрде көрсетіледі.

Ақпаратты анықтау үшін Beeline Call-center-ге хабарласу қажет (ұялы байланыс мәселелері бойынша):

  • 0611 нөмірі бойынша;
  • қалалық нөмірге: + 7 (7172) 738-738.

 

 

Төлем өтпеді.
Мен қаражатты балансқа қайтарғым келеді.

 

 

Was this article helpful?
2 out of 4 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.