Оқушылар мен ата-аналарға арналған K.Bonus club

K.Bonus club - бұл, kundelik.kz жүйесінде тіркелген оқушылар үшін арнайы құрылған және әзірленген «Күнделік (Kundelik)» ЖШС компаниясының бірегей мотивациялық бағдарламасы.

Мотивациялық бағдарлама еліміздің оқушыларына үздік бағалар үшін бонустар алуға және оларды серіктестеріміздің бонустарына айырбастауға, сол арқылы цифрлық және ақшалай сауаттылықты игеруге мүмкіндік береді.

Осы клубқа кіре отырып, сіз автоматты түрде K.Bonus club элиталық қатысушысы боласыз және K.Bonus-тардың үздік бағалары үшін алынған бонустарды айырбастауға ғана емес, сонымен қатар «Күнделік (Kundelik)» ЖШС компаниясының акцияларына, ұтыс ойындары мен конкурстарына қатысуға мүмкіндік аласыз.

K.Bonus club-қа кіру үшін келесі шарттар орындалуы керек:

  • клубқа тек 9-11 сынып оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатыса алады.
  • сайтта тіркеудің болуы: https://bonus.kundelik.kz/.
  • жылына 2 500 теңге мөлшерінде кіріс төлемді енгізу қажет.

Назар аударыңыз: кіріс төлемді төлеу пайдаланушының жеке парақшасынан жеке жүргізіледі. Яғни, ата-анаға сатып алынған жазылым балаларға қолданылмайды, бір баланың жазылымы екінші балаға қолданылмайды және т.б.

K.Bonus club-қа кіргеннен кейін:

  • үздік бағалар үшін K.Bonus жинақтау мүмкіндігі: 9, 10 ФБ.
  • үздік бағалар үшін K.Bonus серіктес бонустарды айырбастау мүмкіндігі: Sulpak-әр тоқсан сайын - 10 000 бонус.
  • үздік бағалар үшін K.Bonus серіктес бонустарды айырбастау мүмкіндігі: Tele2-ай сайын 2000 бонусқа дейін.
  • K.Bonus-ты Kari дүкендерінде тауарларды сатып алуға 30% дейінгі жеңілдігі бар промокодтарға айырбастау мүмкіндігі.
    K.Bonus-ты Flip.kz онлайн-дүкенінде мектеп тауарлары мен кітаптарға 20% жеңілдік беретін промокодтарға айырбастау мүмкіндігі.
  • Күнделік.Мектеп мобильді қосымшасында PRO жазылымы үшін 3500 K.Bonus бір реттік түсімі.
  • сатып алынған курс сертификаттары үшін K.Bonus-ті арнайы Sulpak серіктестік бонустарына айырбастау.
  • салымды төлегеннен кейін бірден жеке әмиянға 2500 K.Bonus қайтарылатын cashBack.

Ескертулер: 

  • клубқа кіріс төлемі оқу жылына емес, күнтізбелік жылға жарамды. 
  • сайтта Kaspi QR арқылы ғана төлем жасауға болады https://bonus.kundelik.kz/. 
  • 5-8 сынып оқушылары бағдарламаға қатыса алмайды.

Жазылымды рәсімдеу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • https://bonus.kundelik.kz/ сайтына кіру;
  • жазылымның жоқтығы туралы сұр түсті хабарламадағы «Толығырақ» батырмасын басу;

screenshot

  • ашылған терезеде «Жазылымды рәсімдеу» батырмасын басу;

  • Kaspi bank белгішесін басып, QR-коды арқылы төлем жасау қажет.

Ескерту: жазылымға тек Kaspi bank-те QR-коды арқылы жазылуға болады. Басқа төлем әдісі қолжетімді емес.

Жиі қойылатын сұрақтар

Неліктен бонустық бағдарламаға қатысу үшін кіріс төлемі қажет?

2023 жылдың қазан айының соңынан бастап K.Bonus club бонустық бағдарламасы басталды, ол мүшелік клубтың мүшесі болуға және әртүрлі мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бізде бірнеше серіктестер бар, олардың бонустарына өзіңіздің жинақталған K.Bonus-тарыңызды айырбастай аласыз. Компанияда серіктестерді көбейту, сондай-ақ бағдарлама қатысушыларына көбірек қолайлы жағдайлар жасау мүмкіндігі болуы үшін компания - K.Bonus club бірегей өнімін құру туралы шешімін қабылдады, оның қатысушысы бола отырып, сіз бағдарламаның мүмкіндіктеріне қол жеткізе аласыз.

Бонустық бағдарламаға қатысу үшін енді жылына 2 500 теңге мөлшерінде ақылы кіріс төлемі қажет (кіріс төлемі отбасы мүшелеріне таратылмайды).

Неліктен өткен жылы бонустарды айырбастау тегін болды?

Өткен оқу жылында бонустық бағдарламаның басталуы және серіктестермен алғашқы интеграция болды. Біздің оқушылар стартты пайдалана алып, үздік бағалар үшін бонустарды тегін айырбастауы үшін бағдарламаға қол жеткізу барлығына ашық болды.

Осы жылдан бастап серіктес компаниялар, сондай-ақ бонустық бағдарламаның өзі пайдаланушылар, бонустар, әмияндар санына және т.б. бірқатар шектеулер енгізді. Сәйкесінше, бағдарламаға барлық оқушылар қатыса алмайды, тек K.Bonus club-қа қосылып, кіріс төлемін жасағысы келетіндер ғана қатыса алады.

Егер мен кіріс төлемін жасасам, маған осы бағдарламадағы барлық мүмкіндіктер қол жетімді болады ма?

Иә, сізге бонустарыңызды серіктес бонустарына айырбастауға, сондай-ақ компания ұсынатын қосымша мүмкіндіктерге қатысуға толық қолжетімділік беріледі (жаңалықтардан хабардар болыңыз).

Мен кіріс төлемін жасағым келмейді. Маған не істеу керек?

K.Bonus club-қа кіріс төлемі - бұл сіздің құштарлығыңыз бен мотивациялық бағдарламаға қатысуға деген ниетіңіздің кепілі болып табылады. Кіріс төлемінің құны небәрі 2500 теңгені құрайды, ол сізге https://bonus.kundelik.kz/kz сайтындағы жеке әмияныңызға K.Bonus түрінде бірден қайтарылады. Бүкіл оқу жылы ішінде кіріс төлемі құнының есесі бірнеше ондаған рет қайтарылады, өйткені сіз серіктес бонустарына 60 000 K.Bonus-қа дейін айырбастай аласыз.

Бағдарламаға қатысу міндетті емес. Кіріс төлемінен бас тарту сізді автоматты түрде K.Bonus club мүшелік клубынан шығарады.

«Күнделік (Kundelik» ЖШС компаниясы сізге элиталық клубқа қосылуға және оның мүшесі болуға мүмкіндік беретін бірегей мотивациялық бағдарламаны үлкен қуанышпен ұсынады. Клубқа қатысу оқуда озат болуға мотивация беріп қана қоймай, сонымен қатар қаржылық сауаттылықтың негізгі принциптерімен танысуға мүмкіндік береді.

Was this article helpful?
13 out of 24 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Article is closed for comments.