Бағалар үшін бонустар!

Банк әрбір 10 ФБ үшін 100 бонус беретін мотивациялық бағдарлама сәтті аяқталды.

«Kundelik» ЖШС компаниясы және Halyk Bank бірлесіп, оқушылардың білім жетістіктерін қолдауға және ынталандыруға бағытталған – «Бағалар үшін бонустар!» жаңартылған бірегей науқанның басталғанын қуана хабарлайды!

Өткізу кезеңі

Науқан 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың мамырына дейін өтеді.

Трансляция Instagram ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі: @halykbank.kz.

Үздік баға алған 1000 оқушыға арналған 100 000 бонус ұтыс ойыны ай сайын өткізіледі!

Назар аударыңыз! Бағдарламаның басталу күні: 08.09.2025

Науқанның шарттары

  • Kundelik.kz жүйесінде тіркелген пайдаланушы болу.
  • Kundelik / Bilimal білім беру платформасында оқитын 2–11 сынып оқушысы болу (жасы 7-ден 18 жасқа дейін).
  • Оқушының атына Halyk Easy картасын рәсімдеу.
  • Бір ай ішінде кемінде бір «10» формативті бағасын алу (әр қосымша «10» баға жеңіске деген мүмкіндікті арттырады).
  • Жеңімпаздар саны — ай сайын 1000 оқушы.

Қалай қатысуға болады?

Ата-аналар үшін:

  • баланың атына Halyk мобильді қосымшасы арқылы Halyk Easy картасын тегін ашу;
  • бағаларды беруге келісім рәсімдеу;
  • баланы қолдау және «өте жақсы» оқуына көмектесу!

Оқушылар үшін:

  • жақсы оқып, жоғары бағалар алу;
  • Әрбір 10» бағасы автоматты түрде жеңіске деген мүмкіндікті арттырады;
  • ұтыс ойынын күтіп, лайықты сыйлыққа қуану!

Ескерту: егер оқушы өткен жылы бағдарламаға қатысқан және ата-анасы келісімге қол қойған болса, онда қайта қол қою қажет емес.

Halyk Easy картасының қосымша артықшылықтары

  • Халык қосымшасында Kundelik.Pro электронды күнделігіне тегін қолжетімділік.
  • Әлемнің кез келген жерінде сатып алу мүмкіндігі.
  • Әрбір сатып алудан және Halyk QR, смартфон немесе онлайн төлем арқылы жасалған төлеуден бонус жинақталады.

Жақсы бағалар – бұл тек мақтан тұтар жетістік қана емес, сонымен қатар Kundelik және Halyk Bank-пен бірге бонустар алу мүмкіндігі!

Маңызды! Halyk қосымшасы арқылы келісімді ресімдеу 2025 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолжетімді болады. 02.09-08.09.2025 ж. кезеңінде алынған барлық бағалар өткен оқу жылында немесе 8 қыркүйектен бастап ресімделген бағаларды беруге келісім болған кезде қыркүйек айының қорытындысы бойынша ұтыс ойынына қатысатын болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Картаны ашу және келісім беру мәселелері бойынша ақпаратпен сілтеме бойынша танысуға болады: https://halykbank.kz/kz/promo/303?utm_source=referral&utm_medium=kundelik&utm_campaign=site_link 

Төменде жиі қойылатын сұрақтар тізімі берілген:

Сұрақ Жауап
Әрбір «ондық» баға үшін 100 бонус беріле ме?

Жоқ, 2025–2026 оқу жылында 2–11 сынып оқушылары бір ай ішінде бір ғана «10» алған жағдайда ай сайынғы 100 000 бонус ұтысына қатыса алады.

Жеңімпаздардың саны қанша болады? Ай сайын 1 000 ерекше оқушы жеңімпаз атанады.
Тоқсандық бағалар, БЖБ/ТЖБ есепке алына ма? Жоқ, тоқсандық бағалар және БЖБ/ТЖБ нәтижелері ұтыс ойынына кірмейді. Тек қана «10» формативті бағалары есепке алынады.

Мен ұтыс ойынына қатысатынымды қалай біле аламын?

1. Halyk қосымшасында білуге болады → «Шоттар» бөлімі → Нalyk Easy картасы → «Нalyk Easy нұсқаулығын» басу →ЖСН енгізу2. Банктің Halyk Easy картасы туралы парақшасында.

Жеңімпаз қашан жүлдені алады?

Жеңімпаз 100 000 бонусын тікелей эфирде анықталғаннан кейін шамамен 3 күн ішінде алады. Қосымша ақпарат алу үшін Halyk банкке жүгіну қажет.

Жиналған бонустар қай жерде көрсетіледі? Бонустар жеңімпаздың Halyk қосымшасында, «Басты бет» → «Бонустар» бөлімінде көрсетіледі.
Неліктен мен ұтыс ойынына қатыса алмаймын? Ұтыс ойынына келесі оқушылар қатыса алмайды:
  • қатысушылар тізімі жасалған сәтте бонус шоты бұғатталған немесе картасы жабылған оқушылар;
  • білім беру платформалары Halyk банкпен жұмыс жасамаған аудандардың оқушылары.
Науқанға кімдер қатыса алады?

2–11 сынып оқушылары (жасы 7–ден 18 жасқа дейін), атына Halyk Easy картасы рәсімделген.
*Ұтыс ойынына Kundelik және Bilimal ұсынылған аудандардағы оқушылар қатыса алады.

Неліктен Halyk қосымшасы орнатылмайды?

Halyk банкінен 7111 нөмірі бойынша ақпаратты нақтылау қажет.

Was this article helpful?
164 out of 272 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Article is closed for comments.