Мұғалім оқу жылы ішінде әр сабақ үшін қысқа мерзімді жоспар (бұдан әрі - ҚМЖ) немесе сабақ жоспарын қалыптастырады. Kundelik.kz жүйесінде ҚМЖ-ны сабақ парақшасында немесе «Күнтізбелік жоспарлау» бөліміне сілтеме түрінде тіркеуге болады. Сондай-ақ, әр мұғалім үшін ҚМЖ бар-жоғын тексеруге мүмкіндік беретін есеп бар.
«ҚМЖ: мұғалім бойынша» есебі
«ҚМЖ: мұғалім бойынша» есебін құру үшін:
- оқу жылын таңдап;
- уақыт аралығы көрсетіп;
- мұғалімді таңдап;
- «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.
Есепті құрастыру кезінде келесі мәліметтер қалыптасады:
- сынып;
- пән;
- қатысушылар (бүкіл сынып немесе оқу тобы);
- «ҚМЖ бар сабақтардың %»:
«ҚМЖ бар сабақтардың %» көрсеткішінде таңдалған кезеңдегі мұғалімнің барлық пәндері мен сабақтары бойынша ҚМЖ-мен жүктелген сілтемелердің деректері есепке алынады және олар келесі формула бойынша пайыздық қатынаста есептеледі:
ҚМЖ бар сабақтардың % = ҚМЖ бар сабақтардың саны / Сабақтардың жалпы саны * 100%
Формула барлық бөлімдер бойынша көрсеткішті есептеу үшін пайдаланылады - мектеп, мұғалім, пән және сынып/оқу тобы бойынша.
Назар аударыңыз! Егер таңдалған кезеңде сабақтар болмаса, есеп қалыптастырылмайды. Ол «Деректер жоқ» ретінде көрсетіледі.
Құрастырылған есепті басып шығаруға немесе Excel түрінде экспорттау мүмкіндігі бар.
Comments
Please sign in to leave a comment.