«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдары педагогтерінің күнделікті жүргізуі үшін міндетті құжаттар тізіміне қысқа мерзімді (сабақ) жоспар кіреді (қағаз немесе электрондық Word немесе pdf форматында). |
Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) - бұл сабақтың мақсаттары, міндеттері, қолданылатын жабдықтар / ресурстарын, сабақ барысының жоспары / сипаттамасы және сабақтың талдауы (рефлексия) көрсетілген сабақтың егжей-тегжейлі жоспары.
Дайын ҚМЖ-ны kundelik.kz жүйесіне еңгізу үшін:
- ҚМЖ-ны сілтемеге түрлендіру.
- Файл бұлтты қоймада сақталғанан кейін, осы файлға сілтемені көшіру қажет.
- ҚМЖ-ның сілтемесін kundelik.kz жүйесінде, екі түрлі жолмен тіркеуге болады:
-
-
- Күнтізбелік жоспарлаудан;
- Сабақ парақшасынан.
-
-
- Сақтау.
Сілтемені жою / өңдеу үшін, белгішелерді пайдаланыңыз: |
ҚМЖ сілтемесің Күнтізбелік жоспарлаудан қосу үшін:
- Күнтізбелік жоспарлауды ашу;
- ҚМЖ қосу белгішесіне басып, файлға сілтемені қосыңыз:
_______________________________________________________________________________________________________
ҚМЖ сілтемесін Сабақ парақшасынан қосу үшін:
- Сабақ парақшасын ашу;
- «ҚМЖ сілтемесі» жанындағы бос орынға басып, файлға сілтемені қосыңыз:
ҚМЖ-мен жұмыс істеудің негізгі талаптары:
- ҚМЖ жолы тек: мектеп әкімшісі, тағайындалған мұғалім, «ҮТ және баға» блогына құқығы бар редакторға қолжетімді.
- Сілтемеге басқанан кейін ақпараты бар жаңа қойынды ашылады.
Kundelik жүйесінде ҚМЖ-ны Kundelik.Lessons бөлімінен жүктеуге болады. ҚМЖ құрастырғышы мұғалімдерге ҚМЖ-ны жүйеге жүктеу үшін икемді құралдарды ұсынады:
- Kundelik.Lessons бөлімінде дайын ҚМЖ қолжетімді;
- енгізілген құрастырғышты пайдалана отырып, ҚМЖ-ны өздігінен құрастыру мүмкіндігі бар.
ҚМЖ-ны Kundelik.Lessons арқылы жүктеу туралы толығырақ келесі мақалада.
Comments
Please sign in to leave a comment.