Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын (бұдан әрі - ҚМЖ) мұғалім әр оқу жылында әр сабақ үшін жасайды. Kundelik.kz жүйесінде ҚМЖ сілтеме ретінде Сабақ парақшасына немесе «Күнтізбелік жоспарлауға» жүктеледі, ал оқу бөлімінің меңгерушісі осы ҚМЖ бар-жоғын «ҚМЖ: мектеп бойынша» және «ҚМЖ: мұғалім бойынша» есептерінде тексере алады.
«ҚМЖ: мектеп бойынша» есебі
«ҚМЖ: мектеп бойынша» есебін құру үшін:
- оқу жылын таңдап;
- уақыт аралығы көрсетіп;
- «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.
Есепті құрастыру кезінде келесі мәліметтер қалыптасады:
- таңдалған кезең бойынша кестеде көрсетілген мұғалімдердің аты-жөндері;
- «ҚМЖ бар сабақтардың %»:
«ҚМЖ бар сабақтардың %» көрсеткішінде таңдалған кезеңдегі мұғалімнің барлық пәндері мен сабақтары бойынша ҚМЖ-мен жүктелген сілтемелердің деректері есепке алынады және олар келесі формула бойынша пайыздық қатынаста есептеледі:
ҚМЖ бар сабақтардың % = ҚМЖ бар сабақтардың саны / Сабақтардың жалпы саны * 100%
Формула барлық бөлімдер бойынша көрсеткішті есептеу үшін пайдаланылады - мектеп, мұғалім, пән және сынып/оқу тобы бойынша.
Мұғалімнің аты-жөніне басқан кезде таңдалған мұғалім бойынша жеке есеп ашылады. |
Назар аударыңыз! Есепті құрастыру кезінде мұғалімнің аты-жөнінің орнына «Мұғалім жоқ» жазуы шықса, онда ол кестеде таңдалған кезеңде мұғалім көрсетілмеген сабақтар бар екендігін білдіреді. Мұндай жағдайда кестені түзетіп, есепті қайта құру қажет.
Құрастырылған есепті басып шығаруға немесе Excel түрінде экспорттауға болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.