«Kundelik.Expert» онлайн-курсы

«Kundelik» компаниясы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген «Сандық мұғалім» жобасы аясында мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға арналған онлайн-курсын бастады.
«Күнделік» компаниясының онлайн-курсы не береді?

  • Сізге ыңғайлы кез келген уақытта курстар мен материалдарға тегін қол жеткізу.
  • Kundelik.kz жүйесіндегі жұмысты білу.
  • ҰБТ-ға дайындық, атап айтқанда оқытуда АКТ және «Күнделік» ААЖ пайдалану.
  • Сіздің портфолиоңызға Сертификат түріндегі қосымша бонус.
  • Жұмыс берушінің алдында «Күнделік» ААЖ пайдалану қабілетіндегі біліміңізді растау.
  • Жұмысты жеке біліктілігін арттыруға тапсыру кезінде көмек. 

«Kundelik.Expert» курстың бетіне қалай өтуге болады?

  1. Kundelik.kz сайтында «Бағдарламалар» қойындысына өтіп, «Kundelik.Expert» қосымшасын таңдау керек.
  2. Сілтеме арқылы өту: https://expert.kundelik.kz/ru/.

Белсенділік бақылауы жүйесінде «Сандық мұғалім» онлайн-курсы «Мектеп белсенділігі» есебіне қалай әсер етеді?

«Сандық мұғалім» көрсеткіші біліктілікті арттыру үшін «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған Kundelik.kz ААЖ-да цифрлық сауаттылық және жұмыс істеу негіздері» және «Kundelik.Expert» курстарын аяқтағаны туралы тиісті сертификат алу бойынша мұғалімдердің біліктілігін көрсетеді.

Неліктен курс ақылы?

«Сандық мұғалім» онлайн-курсын өту тегін, егер сертификаттарды алу ақылы болып табылады. Сертификаттардың құны:

  • «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған Kundelik.kz ААЖ-да цифрлық сауаттылық және жұмыс істеу негіздері» - 2500 тг. 
  • «Kundelik.Expert» онлайн-курсы - 2500 тг.

«Күнделік» ААЖ білім беру жүйесін меңгеруге ​​мұғалімдердің біліктілігін арттыру – бұл осы кәсіпорынның еңбегі мен қаражаты салынған (мемлекеттік бюджет есебінен емес) «Күнделік» ЖШС компаниясы есебінен жасап, әзірлеген өнім. Тиісінше оны пайдаланушылар үшін ақылы ету туралы шешім қабылданды.
Сатып алу туралы шешім мұғалімнің еркінде қалады.

Курсты қалай өтуге болады?

  • Сілтеме арқылы өту керек: https://expert.kundelik.kz/ru/.
  • Бейнесабақтарды мен материалдарды көру үшін «Курсты қарау» батырмасына басу керек.
  • Курстан өткеннен кейін тестілеуден өту мүмкіндігі бар, ол үшін «Тест тапсырыңыз» батырмасын басу қажет.
  • Егер сіз осы курс бойынша сертификат алғыңыз келсе, кем дегенде 60% дұрыс таңдалған жауаптар болу керек.

Төлемді қалай жүзеге асырамын? 

Өту балын жинағаннан кейін сізде автоматты түрде сертификаты бар қойынды шығады, содан кейін «Сертификат алу» батырмасын басу қажет, төлемнің екі әдісі бар терезе ашылады.

  • Банк картасының көмегімен.
  • Kaspi.kz қосымшасы арқылы.

Сертификатты қалай табуға болады?

Қажетті балл жинаған болсаңыз, Сіздің сертификатыңызды Lessons.kundelik.kz порталының «Менің сертификаттарым» бөлімінде төлей аласыз. 

Курсты кім өте алады?

Курс жалпыға қолжетімді және оқуға да, білімді тексеруге арналған тестілеуден өтуге де ашық.

Сертификатты кез-келген рөлдегі мектеп қызметкері ала алады, ең бастысы - kundelik.kz жүйесіне кіру.

Тестілеуден қанша рет өтуге болады?

Тестілеуден шексіз мөлшерде өтуге болады. Білімді тексеру үшін де, өту балын алу үшін де.

Мен сертификат алдым, бірақ аты-жөні дұрыс көрсетілмейді. Не істеу керек?

Ол үшін Kundelik.kz жүйесіне енгізген деректеріңіздің (Аты-Жөні) сәйкес екеніне көз жеткізіңіз, егер Аты-жөніңізде қателіктер бар болса, мектеп әкімшілігіне өңдетіп беруін сұрау керек, содан кейін Kundelik.kz Қолдау қызметіне хабарласу қажет: 8(775)-863-16-69.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қолдау қызметіне мына нөмір бойынша хабарласу қажет: 8(775)-863-16-69.

Was this article helpful?
7 out of 8 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.